Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әзірге жеңіліске ұшырамаған қазақстандық файтердің келесі қарсыласы анықталды

Әзірге ешкімнен жеңілмеген қазақстандық файтер Азат Мақсұмның (16-0) UFC-де бірінші қарсыласы кім екені белгілі болды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Азат Мақсұм

15 шілдеде әлемдегі үздік ММА лигасында 27 жастағы файтердің дебюттік жекпе-жегі өтеді. Оның қарсыласы – 39 жастағы америкалық файтер Тайсон Нэм (21-13-1).

"Бұл ақпаратты бірнеше беделді дереккөздер, соның ішінде Sherdog растады. Әзірге жеңіл салмақтағы файтерлер кездесетін орны белгісіз", – делінген хабарламада.

Бұл – Октагон лигасының бұрынғы чемпионы Азат Мақсұмның UFC-мен келісімшартқа отырғаннан кейінгі алғашқы жекпе-жегі. Нэм промоушенде жеті жекпе-жек өткізіп, төрт жеңіліс пен үш рет жеңіске жетті.

Талқылау