Әзірбайжандық әскери қызметкер Каспий жағасында еліктірерлік суреттерге түсті (фото)
Әзірбайжан елінің арнайы күштер қызметкері жігіттерді еліктіретін ерекше фотосессия жасады. Бойжеткен әскери және сәнбикелік қызметін өзара үйлестіріп жүр.
Бұл туралы 1news.az басылымы жазды.
Арнайы күштер сарбазы Теграна Бахрузи Каспий теңізінің жағасында еліктірерлік суреттерге түсті. Бойжеткен 1986 жылы 7 қыркүйекте Амурскіде дүниеге келген.
Бакуде тұратын ару заңгер мамандығы бойынша білім алған. Мұнымен қатар, “клиникалық психология” мамандығы бойынша Самара университетін тәмамдаған.
Бүгінде бойжеткен әскери қызметі мен сәнгерлік жұмысын өзара тиімді үйлестіріп жүр. Біріншісі екіншісіне еш кедергі жасамайды. Теграна “Mrs. Top of the World-2015” әлемдік байқауында екі бірдей жүлдені қанжығасына байлаған. Олар – “II Vice Mrs. Top of the World-2015” пен “Mrs. Elegance Top of the World-2015”. Аталған байқауға әлемнің 20 мемлекетінен келген сұлулар қатысқан болатын.
Жіберіп алмаңыз:
Қолы жоқ ер адам мүгедек анасын асырап отыр
Германия тұрғындары Қазақстаннан естелік ретінде татуировка жасатуда
Жат планеталықтар мекен ететін галактика белгілі болды