Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әзірбайжан мен Өзбекстаннан кейін: Қазақстан әскери қуаты бойынша 63-орынға тұрақтады

Қазақстан әскери қуаты бойынша Global Firepower рейтингінде 145 елдің ішінде 63-орынға тұрақтады. Мемлекеттің индексі 1,0873-ке тең деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

әскер

Рейтингте мемлекеттің индексі неғұрлым төмен болса, әскери қуаты соншалықты күшті дегенді білдіреді. Мамандар тізімді құру кезінде қорғанысқа бөлінетін қаржы, техника арсеналы, құралдар, әскер мен танк, ұшақ және кеме саны секілді 60 түрлі факторды есепке алған. 

Әскери қуаты бойынша АҚШ, Ресей мен Қытай көш бастады. Ал рейтинг соңында Бутан мемлекеті тұр. 

ТМД елдері арасында Қазақстан Ресейден басқа Әзірбайжан, Беларусь пен Өзбекстаннан кейінгі орында тұр. Ал Қазақстаннан кейін Түркіменстан, Армения, Қырғызстан, Тәжікстан мен Молдова бар. 

Рейтингтегі ТМД елдері арасында Ресей қорғанысқа 82,6 миллиард доллар, Украина 30 миллиард доллар, Әзірбайжан 3,1 миллиард доллар жұмсайды екен. Ал Қазақстан 2,6 миллиард жұмсайды. Тізімде Қазақстанды басып озған Беларусь пен Өзбекстан қорғанысқа 723,1 миллион дәне 692,5 миллион доллар жұмсайды. 

Global Firepower сарапшыларының деректеріне сәйкес Қазақстанның әскери авиациясында 237 ұшу аппараты бар. Оның ішінде 75 әскери тікұшақ, 39 шабуылдауға арналған ұшақ, 81 жойғыш ұшақ, 17 транспорттық пен 25 оқу-жаттығуға арналған ұшақ бар. Ал құрлық әскерінде 300 танк, 5,2 мың брондалған көлік, 246 өзі жүретін артиллериялық қондырғы, 456 сүйретпелі артиллерия мен 407 реактивті жүйе бар. 

Жалпы әскерилер саны 77 мың адам, оның ішінде 45 мың адам әскерде қызмет етсе, 32 мың адам әскери құрылымдарда екен. 

Талқылау