Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әзілқой Сати Казановаға шымкенттік жігіттерден қорғану үшін қамшы берді

Отандық әзілқой Сати Казановаға қамшы тарту етті. Осы қамшының көмегімен оған шымкенттік жігіттерден сақтанып жүруге кеңес берді. Ресейлік әнші өз кезегінде қазақы бұйымдар мен әшекейлерді ерекше құрметтейтінін жеткізді.

17332667_201128637037612_2536053818920009728_n

Бұл туралы “Түнгі студия” бағдарламасында айтылды.

«Сіздер менің қазақ тілінде сөйлей алатынымды білетін сияқтысыздар. Мен қазақ тілін жақсы түсінемін. Астана қаласына соңғы рет былтыр келдім. Яғни тым жиі келемін деп айта алмаймын. Бұл жерге қоғамдық жобаларға байланысты келіп жүремін. Осы жолы Ксения Безуглованың «Аналарға» арналған жобасына септігімді тигізу үшін ат басын бұрдым. Мұнымен қатар, осы секілді түрлі түсірілім жұмыстарына қатысып жатырмын. Арасында йогаға байланысты семинар да өткіземін. Йога денсаулыққа өте пайдалы. Оның мүлдем басқа әлем екенін өздеріңіз уақыт өте келе ұғынатын боласыздар. Сіз өзіңізді құлап жатқандай сезінсеңіз де, шын мәнінде, аспанға қарай құлайсыз», – дейді әнші.

Осы тұста Түнгі студия бағдарламасының екінші жүргізушісі, әзілқой Сати Казановаға қамшы тарту етті. «Сізді Шымкенттің жігіттері алып қашып кетуі мүмкін. Мына қамшымен өзіңізді қорғаңыз», – дейді Данияр мырза.

«Иә, бұл затты йога алмастыра алмайды. Өте жақсы зат екен. Көп рахмет! Мен этникалық заттардан коллекция жасаймын. Өткен жолы сіздер сыйлаған жүзік пен білезікті әлі күнге дейін тағып жүрмін. Бұл мен үшін өте қымбат сыйлық. Мен оны қуана тағамын», – дейді Сати Казанова.


Жіберіп алмаңыз:

Димаш Қытайдың танымал телеарнасына сұхбат берді (видео)

Димаштың Селин Дионның әнін орындаған видеосы пайда болды (видео)

Димаш қатысып жатқан “I am a Singer” жобасы отандық телеарнадан көрсетілетін болды (видео)

Жезқазғандық баланы көпшілік екінші Димаш деп атады (видео)

STAN.KZ
Сенбі, 18 Наурыз, 2017 09:11
Талқылау
`