"Әзілдеп тұрсыз ба?": Блогер Дәулет Мұқаев көпбалалы ананың тұсауын кесті
Естімеген елде көп! Блогер, экономист Дәулет Мұқаев (@dauletten) көпбалалы ананың тұсауын кесті. 36 жастағы келіншек сүріне беретінін айтып, блогерге өтініш жасаған, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ерекше оқиғаны Мұқаев Instagram парақшасында баяндады.
"Самал есімді 36 жастағы оқырманым тұсауымды кесіп берсеңіз деп өтініш жасады. "Әзілдеп тұрсыз ба?" - десем: "Жоқ, мен сүріне беремін, тұсауым кесілу керек", - деді.
Қарағандыда 28 жастағы қыз сұрағанда ыңғайсызданып, кескен жоқпын. Бұл жолы Самал ханым сұрағаннан кейін, тұсауын кесейік. Ақ жол енді, сүрінбеңіз", - деп тілек білдірді блогер.
Мұқаев, сонымен қатар, әйелдің баласының да тұсауын кескен.
Талқылау
Республика күнінің маңызы не, мерекені не себепті қайтарды – Саясаттанушылар жауап берді
1990 жылы 25 қазанда еліміздің мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданған
"9 жаста етеккірі келіп, мастурбация жасайды": Қазақстандық ата-аналар балаларындағы ерте жыныстық жетілу белгілеріне алаңдаушылық білдірді
Маман: “Ата-аналар баласының желіден не көріп жүргенін бақыламайды”