Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Азық-түлік бұзылып, адамдар сусыз қалды" Кубада ең ірі электр станциясында болған апат салдарынан ел жарықсыз қалды

Кубада ең ірі электр станциясында болған апаттан кейін үлкен бүкіл ел жарықсыз қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: ВВС

Апат 18 қазанда болды, электр қуаты әлі қалпына келтірілмеді. Соңғы айларда Кубада жарық үнемі сөнген.

Куба президенті Мигель Диас-Канель электр қуатын қалпына келтіру оның басты басымдығы екенін айтты. Осыған байланысты мектептер мен онша маңызды емес мекемелер 21 қазанға дейін жабылды. Кубалықтарды қарбалас уақытта энергияны көп қажет ететін құрылғыларды пайдаланбауға шақырды.

Куба премьер-министрі Мануэль Марреро дағдарыс инфрақұрылымның нашарлауынан, жанармайдың жетіспеушілігінен және электр энергиясына деген қажеттіліктің артуынан туындағанын атап өтті. Ұзақ уақытқа созылған блэкауттар көбінесе қоғамдық тәртіпсіздіктерге әкелуде. Өйткені 2021 жылдың шілдесінде тоңазытқыштардың болмауынан бұзылған өнімдерге наразылықтар туындады.

Фото: ВВС

Кубадағы апатқа байланысты суды жеткізетін сорғылар да жұмысын тоқтатты. Адамдарды сусыз қалды. Сондай-ақ, жанармай құю станцияларында сорғылар жұмыс істемейді. Бұл жедел қызметтердің автомобильдерді пайдалануын қиындатады.

Куба үкіметі дағдарыс жағдайында халық биліктен қорқуды жоғалтатынын және жағдайға наразылығын ашық білдіретінін түсінеді. Кейбір азаматтар үкіметке қарсы ұрандармен көшеге шығуға дайын. Бұл соңғы рет наурыз айында жүздеген адамдар ұзақ уақыт бойы қараңғылық пен азық-түлік тапшылығына наразылық білдірген кезде болған. 

Талқылау