AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Азық-түлік бағасы түсер емес": Ақтөбеде қымбатшылыққа шағымданғандар әкімдіктің алдына жиналды

Ақтөбеде қымбатшылықтан шаршаған түрғындар әкімдік алдына жиналып наразылықтарын жекітзді. Олар тапқан табысымыз тамақ алуға жетпейді деп отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап.

Тапқанымыз күнделікті ас-суымызға жетпейді деп ашынған аналар таң атасымен Ақтөбе облысының әкімдігіне жиналды. Азық-түлік құнының күннен күнге қымбаттауы әбден титықтатып жіберген. Ал тұрақтандыру қорынан дүкендерге әлеуметтік тауарды әкімдіктегілердің таратып жатырмыз дегені жалған деп отыр.

“Кеше ғана инстаграмда Анвар шекер 23і күні 368 теңге болады деді. Сол күні шықтық біздер. Қыздар болып шығып, шекерді қарайық десек 517 теңге болып тұр. Ешқандай түсірмеген шекер де, май да. Ештеңе түсірген жоқ. Халыққа қиын”, – дейді  Ақтөбе қаласының тұрғыны Гүлмира Бимағанбетова.

Жиналған аналар күнделікті ішер шәйіміз бен майымыз, қант пен макарон, картоп бағасы арзандаса дейді. Осы өтініштерін облыс әкімі Оңдасын Оразалинге естірту үшін жиналыпты. 

“Біздер әкімге келіп тұрмыз. Оразалинді өмірі көрмейміз. Есігінің сыртынан қайтамыз. Ол кісіні көрмеймз. Халықтың алдынан көрмейміз. Мына азық-түлікті қадағаласын. Аналар аш қалмасын, бала-шағаны аш қылмасын”, – дейді Ақтөбе қаласының тұрғыны Миуа Бекбосынова.

Жиналыстан шыққан Оңдасын Оразалин аналармен кездеспеді. Әйтсе де, азық-түліктің қымбаттап жатқанын мойындайды. Тек сырттан келетін көкөніс пен қант пен майдың құнын тұрақтандыра алмай отырмыз дейді.

“Картоп біздер Түркістаннан сатып әкелініп жатыр. Сауда орындары Айна мен Диналар бар айналысып жатқан. Қант ол Ресейден келуіне байланысты жоқ емес бар. Бірақ сол сырттан бізге жіберіп жатқан мекемелердің өзінің қымбаттауына байланысты баға қазіргі таңда өсіп тұр”, – дейді Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин.

Сырттан тасымалдамайтын сүттің литрінің өзі Ақтөбеде  300 теңгеден, қаймақтың жарты литрі мың жарым теңгеден сатылуда. Тауық жұмыртқасының он данасы 600 теңгеге дейін барады. Ал қызылсырағандар үшін сиыр етінің ең арзаны келісіне 2200-2500 теңгеден сатылып жатыр.

 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр