Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ажырасу мен айықпас дерт: Танымалдығын арттыру үшін «жұлдыздар» тағдырын өздері жазып әлек

Атың шықпаса, жер өрте! Иә, бұл сөз елді шулату үшін қара PR-дың түр-түрін жасап, танылып жүрген жұлдыздарға айтылғандай! Соңғы кездері ел алдында жүрген танымал әртістер атын шығару үшін арзан жарнама жасаудан жасқанбайтын болған. Көрерменнің ықыласына бөленіп үйренген жұлдыздардың бір тобы денсаулықтарына зиян келгені туралы жалған ақпарат таратса, енді бірі жеке өмірлерін басқа мақсатта пайдаланып әлек, деп жазады Stan.kz.

Халықтың қошеметіне дәніккен жұлдыздар жалған ақпарат таратты деп журналистерді кінәлауға шебер.

Пиарды жанындай сүйетін әншілердің бірі – Сиви Махмуди. Бірнеше саланы қатар алып жүрген әмбебап өнер иесі жобаларын табысты ету үшін түрлі айлаға барады. Бір қызығы, біраз уақыттан кейін жалған сөйлегенін өзі мойындап қояды.

Естеріңізде болса, «Соқыр махаббат» фильмі жарыққа шығарда желіде Сивидің әріптесі Ренат Баситовтың қымбат көлігін талқандап жатқан видеосы тараған еді. Алайда шын мәнінде тас-талқаны шыққан көлік қара пиардың «құрбаны» болып шықты.

«Меломен» тобынан кеткен соң, ел ұмытып қалмасын» деді ме, әйтеуір бөлініп шыққан соң Жігер Ауыпбаев жалған жарнаманың неше түрін жасады.  

Түркияға ем алуға бара жатқанын айтып, таныстары арқылы халыққа ауыр дертке шалдыққанын жеткізді. Біраз уақыттан кейін алаңдап қалған тыңдармандарына видео жолдап, әлдебіреулердің жалған ақпарат таратқанын мәлімдеді. Айтпақшы, сенімді дереккөзіне сүйенсек, сол видеоны Жігер Түркияда емес, Алматыдағы қонақүйлердің бірінде түсірген.

Бұл пиар аздық етсе керек-ті, бұдан кейін Жігер күзетші болып жұмыс істеп жүрген видеосын таныстары арқылы таратты. Кейіннен “кімнің жария еткенін білмеймін, негізі телехикая түсірілімінен алынған кадр” деп ақталды.

Жігердің тәсілінен оның экс-әріптестері де үлгі алды. Жақында ғана «Меломен» тобын пышақтап кетті” деген ақпарат тарады.

Тіпті, бұл «жаңалықты» растайтын суреттер желіде қаптап кетті. Алайда бұл да кезекті қара пиар болып шықты.

Асхат Тарғынның той үстінде асабамен төбелескені біразға дейін ел аузында жүрді.

Әншінің той тізгінін ұстаған азаматпен келіспей қалып, жұдырық ала жүгірген видеосы желіні біраз шулатты. Кейіннен Асхат пиар жасамақшы болғанын мойындады.

Алғашқыда жаңылыс басып, отбасылы азаматтан жүкті болып қалғанын жасыруға тырысқан Ақбота Сейітмағамбет кейіннен жеке өмірін – тез танылудың төте жолына айналдырып алғандай.

Өздеріңіз білетіндей, Ақбота алғашында Айдарқұловпен ара-қатынасын жасырды. Тіпті, «оған еш қатысым жоқ» деп ресми мәлімдеме жасады. Аз уақыттан кейін Айдарқұловтың шаңырағына келін болып түскенін жариялады. Көп ұзамай ұлды болды, «жарыммен сүйіп қосылдық, оның басқаға кетпейтініне сенімдімін» деп жар салды. Алайда жуырда Ақбота Дәуренмен біржола ат жібін үзіскенін хабарлаған болатын. Бірақ күні кеше атышулы ғашықтар Алматыдағы дәмханалардың бірінде бірге отырған жерлерінен ұсталып қалды. Иә, атың шықпаса, жер өрте!

Қарақаттың Қыдырәліге тоқал алып бергісі келгені әлі жұрт есінде.

Алғашқыда бүкіл қазақ халқы Әбілдинаның айтқанына сенді, тіпті қызу талқыға салды. Өнердегі әріптестері де қалыс қалмай, ой бөлісіп жатты. Алайда шын мәнінде Қарақат ондайды күйеуіне тоқал алып беруді ойға да алмаған. Бұл өтірікті Болмановтың өзі ойлап тауыпты. Ол Жер мәселесіне алаңдап жатқан шақта, ел назарын өзіне аудармақ болғанын ашық мойындады. Бұдан кейін жұрт Болмановты әбден мазақ қылды. Тіпті, аталған жайтқа қатысты жазушы Бейбіт Сарыбайдың анекдоты біразға дейін ел аузында жүрді.

Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.

Жіберіп алмаңыз:

«Дос-Мұқасан» тобы құрылғанына 50 жыл толуын сүйікті тыңдармандарымен бірге атап өтті (фото, видео)

Заңгер: Бізде тергеушілер бірден педофилдерді қорғап, барлығына зорланған қызды кінәлайды (видео)

Роза Қуанышқызы: Жұрт мені сыр бермейтін «темір әйел» дейді. Бірақ, жалғыздықта көп жыладым

“Айырылыстық” деп жар салған Дәурен мен Ақбота ұсталып қалды

Талқылау