Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әжесі: Өркен өзін өлтірген өгей шешесін мама деп атайтын

Өгей шешесінің қолынан қаза тапқан 11 жастағы Өркен Азаматұлының әжесі, отбасындағы қарым-қатынас туралы айтып берді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

20170515163521

Әжесінің айтуынша Өркен өгей шешесіне құрметпен қараған.

“Ажырасқаннан кейін менің ұлым Шәрипамен танысты. Бірақ мен ол әйелдің ересек балалары бар екенін білген жоқпын. Ал ол болса мені алдап жүрген. Өзінің 17 жастағы қызын сіңілім деп таныстырды. Ал үлкен ұлы туралы тіпті естімеппін. Мұның барлығы тек бірнеше жыл өткен соң белгілі болды. Бірақ, ұлым мен келінім бақытты болған емес. Олар үнемі ұрсысатын. Және оның аты Шәрипа емес. Біресе Аида, біресе Шәрипа. Ал Өркен оны мама дейтін. Олар келген кезде үнемі “мама келді” деп айтып жүрді”, – дейді Өркеннің әжесі Бағдагүл Есінбекова.

Ол сондай-ақ, Өркеннің ізін аңдыған Темір мен Қадыржанды байқап қалғанын, бірақ не мақсатпен жүргенін білмегенін айтты. Дегенмен, жас жігіттердің әрекеті әжейді біраз қорқытқан.

Еске салсақ, бүгін Қаскелеңде 11 жастағы Өркен Азаматұлының өліміне қатысты басты сот отырысы басталды. Айыпталушылар қатарында – Өркеннің өгей шешесі Шәрипа Ақбердиева, оның балалары Темір мен Айдана, Темірдің немере ағасы Қадыржан Гулямов және Руслан Муталиев бар.

Шәрипа Ақбердиева мен Темір Ақбердиев ҚР қылмыстық кодексінің 99, 7, 14 баптары (топтасып адам өлтіру), 125, 5 (адам ұрлау) бойынша айыпталып отыр.

20170515163514

Айдана Ақбердиева мен Руслан Муталиев қылмысты жасауға сыбайластық танытқандары үшін 99, 3, 7, 14 (Топтасып адам өлтіру), 125, 1, 5 (адам ұрлау) баптары бойынша айыпталуда.

Еске сала кетсек, алтыншы сынып оқушысы Өркен Азаматұлы 2017 жылдың 19 қаңтарында жоғалып кеткен. Кейіннен баланың мәйіті табылды. Оны өлтірді деген күдікпен баланың өгей шешесі мен оның балалары ұсталды.

Бұған дейін Өркеннің туған анасы да ұлының өліміне қатысты мәлімдеме жасаған болатын.

Оқи отырыңыз:

Баспанасын бұзуға келіспеген Астана тұрғынының үйі мен пәтері бар болып шықты

Қазақстанда өз пәнінен тест тапсырған мектеп мұғалімдерінің 70%-ы төмен балл жинаған

Аянышты тұрмыс: 3 мың отбасы балаларымен қоқыс арасында өмір сүруде (фото)

Қазақстанда полицейлер қағаз хаттама толтырмайтын болды (видео)

Талқылау