Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Вице-министр: Қазақстан коронавируспен күрес үшін шетелден ақша алған жоқ

Қазақстан коронавируспен күресу үшін шетелден қаражат алған жоқ. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиниятқызы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Вице-министр шетелден қаржы алынбағанын нақтылады. Оның сөзінше, вируспен күресуге тек мемлекеттік қордан ғана ақша алынған.

"Шет елдерден коронавирустық инфекциямен күресуге қаражат алған жоқпыз. Барлық қаражат мемлекеттің қорынан бөлінді. Гуманитарлық көмектер болды. Қорғаныс құралдары және дәрі-дәрмек түрінде көмек көрсетілді", - дейді Ажар Ғиният. 

Сонымен қатар, Ажар Ғиният қазіргі таңда ел аумағындағы коронавирустық жағдай туралы айтып берді.  

"27 қарашадағы жағдай бойынша республикамыз орташа қауіпті аймақта тұр. Қауіпті 5 өңірге қатаң шектеу шаралары енгізілген, олар "қызыл аймақта" тұр: Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қостанай, Ақмола облыстары. Өткен аптамен салыстырғанда 3 өңір "сары аймақтан" "қызыл аймаққа" көшті, олар - Павлодар, Қостанай, Ақмола облысы. Алматы қаласы "сары аймақта". Қалған өңірлер "жасыл аймақта", -  дейді ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният.   

Талқылау