Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ажал құша жаздады: Алматыда биік шыңға шыққан шетелдік турист аяқ-қолын сындырды

Алматыда ең биік шыңдардың бірін бағындырмақ болған шетелдік азамат аяқ-қолын сындырып, аязда қалды. Абырой болғанда туристті дер кезінде құтқарушылар алып түсірген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеп хабарлайды. 

tau

Украина азаматы Алматы тауларын әдейі іздеп келген екен. Әуесқой альпинист шығу үшін ең биік шыңдардың бірін таңдап алған. Биіктігі 4 мың метр Амангелді шыңын кез келген адам бағындыра алмайды. Тек дайындығы жоғары альпинистердің ғана қолынан келетін іс. Дегенмен турист таудың биігіне шыға алған.

Алайда жеткен бойда абайсызда құлап, аяқ-қолын сындырып алыпты. Абырой болғанда шетелдік тауға жалғыз бармаған. Қасындағы серіктері дереу құтқарушыларды шақырды. Алты адам жабылып жүріп қонақты бес сағат дегенде жерге көтеріп түсірді.

Бұл күні тауда тағы үш адам адасып кетіпті. Ақтау қаласынан келген туристер өз бетімен Үлкен Алматы көлін тауып бармақ болған екен. Алайда жолда адасып, құтқарушылардың тағы да тауға көтерілуіне тура келді.

"Құбырмен жағалап міндік. Арғы жақта көлікпен жүргізбейді екен. Сосын құбырмен ілініп кеттік. Тоқтап қалдық, міне, алмадық, мұз болды. Ең шыңына жеттік, не арғы жаққа жол жоқ, не бергі жаққа жол жоқ", - дейді олар.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр