Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Азат Перуашев Назарбаевтың мүсіні жанында түскен фотосын түсіндірді

Әлеуметтік желілерде мәжіліс депутаты Азат Перуашевтің Нұрсұлтан Назарбаевтың мүсіні жанында түскен фотосы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Желіде жарияланған фото астында "Түркістанда Назарбаев ескерткіші орнатыла ма? Перуашев сыйлық дайындап жатқан сияқты" деп жазылған. Депутат фотоға қатысы түсініктеме берді.

"Өткен қыста еңбек сіңірген мүсінші Тілеуберді Бинашев үйге шақырып, шеберхананы және өз туындыларын мақтанышпен көрсетті, үлкен шығармашылық жол туралы айтты. Мүсінші кейбір жұмыстарының жанында суретке түсуді ұсынды", - деп жазды Перуашев өзінің Telegram каналында.

Депутат қалған әңгіме біреудің ойдан шығарып жүргені екенін айтты, сонымен қатар, мүсіншіге және осы тақырыпқа қызығушылық танытқандарға сәттілік тіледі.

Сондай-ақ, депутат шеберханадағы басқа фотоларды да жариялаған.

Айта кетейік, былтыр шілде айында Нұр-Сұлтанда Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші орнатылды. Ескерткіш Ұлттық қорғаныс университетінің алдында орналасқан, биіктігі - 3,6 метр. Фигура қоладан жасалған. Жоба авторы - Ербол Зиябеков. Композиция бойынша жұмыс бес жылдан астам уақытқа созылды.

Еске салсақ, ТҮРІКСОЙ бас хатшысы Билал Чакыджи Түркістан қаласында елбасына ескерткіш орнату мәселесін көтерген еді


 

Назерке Мұса
Сейсенбі, 25 Мамыр, 2021 15:08
Талқылау