"Азарт үшін ойнаймын": Айқын Төлепберген құмар ойынды насихаттап жүр ме?
Отандық әнші Айқын Төлепберген “Ұйқым келмейді” бағдарламасында әлеуметтік желіде ұтыс ойнатып, футболдан командалардың есебін тапқан оқырмандарына ақшалай сыйлық таратты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бағдарлама жүргізушісінің: “Әлем чемпионатында есепті дұрыс тапқан оқырмандарға ақшалай сыйлық тараттыңыз, солай ма?” деген сауалына ол: “Иә, қызық болсын дедім. Елдер Instagram-дағы парақшасын көтеру үшін неше түрлі нәрселер істейді. Мен де статистикамды көтеру үшін өз қалтамнан ақша бердім. Мен құмар ойынды насихаттаған жоқпын. Өз басым футболды азарт үшін ғана ойнаймын. Егер ақша үшін ойнасам, 100-200 мың теңгені қойып кетер едім”, – дейді әнші.
Сондай-ақ өнер иесінің сүйікті футбол командасы жоқ екен.
Бұған дейін Айқын Төлепбергеннің өзі жайлы кино түсіргелі жатқанын жазған болатынбыз.
Талқылау