Азаптау ісі бойынша күдікке іліккен Олеся Кексель үйқамаққа алынды
Видеодан скрин
Бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы басшысы Олеся Кексель азаптау ісі бойынша күдікті ретінде үйқамаққа алынды. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев сенаттағы брифингте мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Жуырда соттың санкциясымен екі ай мерзімге үйқамаққа алу бұлтартпау шарасы қолданылды", – деді Қойгелдиев.
Бас прокурордың орынбасарының айтуынша, Олеся Кексельге күдікті мәртебесі берілген.
4 шілдеде Кексель ресми түрде күдікті деп танылған, алайда оның ұсталғаны туралы хабарланбаған. Сол күні Бас прокуратура Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының бұрынғы басшысы Талғат Татубаевтың ұсталғанын растады. Ол да азаптау фактілері бойынша күдікке ілінген.
Еске салайық, бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бұрынғы басшысы Талғат Татубаев ұсталғаннан кейін желіде бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы бастығы Олеся Кекселдің де үстінен қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат тараған еді.
Алдын ала мәлімет бойынша, ол БТА банкінің бұрынғы қызметкерлерін азаптау ісіне қатысты. Яғни рұқсат етілмеген тергеу әдістерін пайдаланды деп айыпталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бұрынғы шенеуніктеріне қатысты істе қатысы бар дейді.
Олеся Кексель 2018 жылы арнайы прокурорлар қызметін басқарды. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бұрынғы басшылары Талғат Татубаев пен Қайрат Қожамжаровтың командасының құрамында болды. Кексель атышулы істерді, оның ішінде бұрынғы премьер-министр Серік Ахметов пен бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты тергеуді қадағалады.
Алматыда шешек дерті өршіп тұр: Дәрігер ауру қалай тарайды және одан қалай қорғануға болатынын айтып берді