Елбасы: Өзге ұлт өкілі де президент болып сайлана алады
Азаматтық қоғам құрылғанда өзге ұлттың өкілінің де президент болып сайлануға мүмкіндігі болады.
Бұл жайында бүгін республикалық басылымдарда жарияланған ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауында айтылған.
«Орыс тілін білу маңызды болып қала береді. 2016 жылдан бері жаңартылған бағдарлама бойынша орыс тілі қазақ мектептерінде 1-сыныптан бастап оқытылып келеді. 2019 жылдан 10-11-сыныптардағы жаратылыстану ғылымының жекелеген пәндерін оқытуды ағылшын тіліне көшіру басталатын болады», – деді Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арналған Жолдауында.
Нәтижесінде, Мемлекет басшысының пайымынша, біздің барлық түлектеріміз елімізде және жаһандық әлемде өмір сүріп, жұмыс істеуі үшін қажетті деңгейде үш тілді меңгеретін болады.
«Сонда ғана нағыз азаматтық қоғам құрылады. Кез келген этникалық топтың өкілі кез келген жұмысты таңдай алады, тіпті президент болып сайлануға да мүмкіндігі болады. Қазақстандықтар біртұтас ұлтқа айналады», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Тағы да оқыңыз:
Назарбаев: Терминдерді қазақ тіліне аударудағы “жаңалықтар” күлкіңді келтіреді
Назарбаев қосымша мемлекеттік жәрдемақыны енгізуді тапсырды
Елбасы мұғалімдердің айлығын 50 пайызға дейін көтеруге уәде берді