"Азаматтық белсенділігі үшін қудалап жатыр": Қостанайда блогер ақша бопсалады деген айыппен сотқа тартылды
Фото: Татьяна Фаиль
Қостанайда YouTube желісінде "Миршат Сәрсенбаевтың ыңғайсыз сұрақтары" атты арнаны жүргізетін Миршат Сәрсенбаевқа қарабалық құс фабрикасын бопсалады деген айып тағылып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі TobolInfo сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Блогер өзіне хабарласқан тұрғындардың мәселелері туралы бейнероликтер түсіреді. Ол 15 ақпанда қарабалық құс фабрикасының үйіндісі туралы видео жариялап, даулы мәселе көтерген.
20 ақпанда Миршат Сәрсенбаев қамауға алынды. Оған Қылмыстық кодекстің 194-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы "Аса ірі мөлшерде бопсалау" бойынша айып тағылды.
22 ақпанда блогер үйқамаққа алынды, бірақ прокуратура шағымынан соң Сәрсенбаев қамауға алынды.
Күдікті мен оның отбасы ешқандай ақша алмағанын, мәселеге назар аудару үшін видеоны жариялағанын алға тартады.
Айыптау актісін прокурор Еркебұлан Айтбаев оқыды. Айыптау актісі бойынша жауапкер "Пустри-Агро" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен өлексе үйіндісін көріп, оны видеоны толығымен түсірген. 7 ақпанда жариялап, "Бұл заңды ма?" деген тақырып қойған.
Прокурор блогердің зауыттағы заң бұзушылықтарға әдейі назар аударғанын атап өтті. Видео жарияланғаннан кейін тексеру жүргізіліп, құс фабрикасына ақыры 98 000, 196 000 және 393 000 теңге үш рет айыппұл салынды. Айыптау қорытындысына сәйкес, бұл жәбірленушіге мүліктік және беделіне нұқсан келтірген.
Осыдан кейін фабриканың заңгері Игорь Шишов Миршат Сәрсенбаевпен кездесіп, видеоның мақсатын сұрады. Айыптау қорытындысына сәйкес, блогер оған 20 миллион теңге немесе Shacman жабдығы берілмейінше, осыған ұқсас видеоларды жариялауды жалғастыра беретінін айтқан.
Артынша Игорь Шишов құқық қорғау органдарына арызданған, содан кейін полиция жасырын тергеу әрекеттерін жүргізе бастады.
Прокурор Сәрсенбаев пен Шишовтың әңгімесіне талдау жасап, блогердің ақша талап еткені анықталды.
Заңгер Эльмира Санкаева блогердің ақша талап еткеніне ешқандай дәлел жоқ дейді. Оның сөзінше, қылмыстық іс оның азаматтық белсенділігіне байланысты қозғалып отыр.
Қорғаушы тарап алдымен сотқа дейінгі қамаққа алуды үйқамаққа ауыстыруды, кейін қылмыстық істі тоқтатып, Сәрсенбаевты сотта босатуды сұрады.

"Құл-Мұхаммедтен Алагөзовке": Қоғам белсендісі Алматыдағы Тереңқұр аумағындағы қонақүй салынатынын айтып дабыл қақты
