"Азаматтарға арналған үкіметтің" жаңа басшысы тағайындалды
Әділ Қожықов "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының" КЕАҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Азаматтарға арналған үкімет" ұжымына жаңа басшыны цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин таныстырды.
Әділ Қожықов әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін"Саясаттану" мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2000 жылы Орталық Азия саяси зерттеулер агенттігінің ғылыми қызметкері болып бастаған.
2001-2003 жылдары - Сыртқы істер Министрлігі жанындағы сыртқы саясат және талдау орталығының сарапшысы қызметінде, 2003-2005 жылдары ҚР президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының жетекші ғылыми қызметкері болды.
2005-2011 жылдары - Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының аға сарапшысы, ақпараттық-талдау орталығының сектор меңгерушісі, ҚР президенті баспасөз хатшысының орынбасары, ҚР президенті әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығы меңгерушісінің орынбасары.
2011-2012 жылдары - "Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы" РМК директорының орынбасары.
2013-2014 жылдары - премьер-министр Кеңсесінің Ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісі болды.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
