Азамат Сатыбалды "Парасат" орденімен марапатталды

Танымал театр және кино актері Азамат Сатыбалды Президент жарлығымен “Парасат” орденімен марапатталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қуанышты хабарды өнер иесінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
“Бүгін, президентіміздің жарлығымен “Парасат” ордені иегері атандым. Аллаға сансыз шүкір. Сенім артып, қасымнан табылған жақындарыма алғысым шексіз. Сүйікті де, сүйкімді көрерменім мен жанашыр оқырмандарыма рахмет. Жандарым сол. Бәріңді жақсы көремін. Бәріңе жұғысты болсын. Жаратқанның берері таусылмасын. Жыл жақсы босталды. Тек алға!” – деп жазды ол.
Актерді өнердегі әріптестері мен оқырмандары жарыса құттықтап жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Тоқаев Ұлттық құрылтайдың қызметіне атсалысқан бір топ азаматты марапаттағаны хабарланған еді.
Қазақстанның вице-президенті кім болуы мүмкін және оның өкілеттігіне не кіреді: Саясаттанушылар жауабы
Сондай-ақ вице-президент нақты қандай қызмет атқаратынын анықтадық
"Түрмеде отырған баламды тағы 9 жылға соттап жіберді": Түркістандық ата-ана баласына жазықсыз жала жабылғанын айтып, Тоқаевтан араша сұрады
Адвокат мән-жайды айтып берді