Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Азамат Сатыбалды марқұм анасын еске алды

Мәдениет қайраткері, актер Азамат Сатыбалды марқұм анасының видеосын жариялап, сағынышын жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Актердің әкесі де дүниеден өткен болатын. 

“Анашым бізді қалдырып, Әкеме кетті. Қош бол, анашым! Марқұм анамның үнемі айтатын сөзі: “Бақыт – батада, балам!” Көп сауап аламын және жолым ашылсын десең, ата-анаңа қызмет жаса. Барынша жақсы көр. Көңіліне қаяу түсірме. Қуантуға тырыс. Батасын ал. Кейін “қап, әттеген-ай” деп өкінбеу үшін”, – деп жазды актер. 

Сондай-ақ видеодан актердің жұбайы Назгүл Қарабалинаны да көруге болады. Енесін құшырланып сүйіп жатқан актрисаға желі қолданушылары сүйсінді. “Назгүл ханым керемет жан. Енесін бұлай жақсы көріп, құрметтейтін келіндер аз ғой. Анаңыздың жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын”, “Осындай текті тәрбиелі адамдардың ұрпағы көп болуы тиіс! Анаңыздың батасы қабыл болып, Назгүл ханым биылдан қалмай жүкті болсын! Тағы ұл-қыз келсін отбасыңызға”, “Ақылды әйел екені белгілі ғой, Азамат дұрыс таңдау жасаған! Азаматтың анасы екеуі бір топырақтан жаратылған!” – деп жазды оқырмандары. 

 

Талқылау