Азамат Батырқожа вице-министр қызметінен босатылды
Үкіметтің қаулысымен Азамат Батырқожа Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Азамат Байқуанышұлы Батырқожа 1972 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
Ф.Дзержинский атындағы әскери академияны және "Тұран-Астана" университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1995 жылы жеке компаниядағы қауіпсіздік бөлімінің арнайы технигі болып бастаған.
1997-1999 жылдары ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінде жұмыс істеді. Түрлі жылдары жеке компанияларда және квазимемлекеттік секторда жұмыс істеді, ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде түрлі лауазымдар атқарды.
2019 жылдың желтоқсан айынан бастап қазірге дейін цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметін атқарды.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”