Айжұлдыз Адайбекова жүкті екені көрінетін сурет жариялады
Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбекова әлеуметтік желідегі парақшасында жүкті екенін жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Актриса, дизайнер, музыкант Айжұлдыз Адайбекова кезекті жобада жүкті әйелдің рөлін сомдайтын көрінеді. Ол желіге айнаның алдында ішін ұстап түскен суретін жүктеді. Айжұлдыздың жүкті екенін көрген оқырман суреттерге сеніп қалып, оны құттықтап жатты.
“Айжұлдыз, құттықтаймын”, “Қашан босанасыз?”, “Қыз бала”, “Ішіңіз төмен түсіпті”, “Аман-есен қолыңызға алыңыз” – деп жарыса жазды желідегілер.
Айжұлдыз желі қолданушыларының бұл сауалдарына: “Рахмеет, мен қыркүйектің 10-на қарай “Рахатта” босанатын шығармын. Ішіме мән бермеңіз, балам йогамен айналысып жатыр”, – деп әзілмен жауап берді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”