Айжұлдыз Адайбекова сүйіктісі бар екенін мойындады
Дизайнер, музыкант, актриса Айжұлдыз Адайбекова жеке өміріндегі жақсы жаңалықпен бөлісті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “НТК” арнасына сілтеме жасап.

©instagram.com/aizhuldyz_adaibekova
Танымал мобилограф Қыран Талапбекпен ажырасқанына 2 жыл болған арудың жүрегін жаулаған жігіт бар көрінеді.
“Ұнататын адамым бар. Сөйесіп жүргенімізге көп болған жоқ. Өте жақсы адам”, – дейді блогер. Сүйіктісі жайлы ашылып айтудан бас татқан Жанар Айжанованың қызы жеке өміріндегі жаңалықтарды жұрттар жасырып қалуы мүмкін екенін де ескертті.
“Менің жеке өмірімді еш жерден таппайсыздар. Ол туралы мен тұрмысқа шығып, аяғым ауыр болған кезде бір-ақ білулеріңіз әбден мүмкін. Мен сондай адаммын”, – деді Айжұлдыз Адайбекова.
Алматылықтар аптап ыстықта жылудың өшірілмей жатқанына шағымданды: Әкімдік себебін түсіндірді
Алматылық Ерғали Жақсылықов жергілікті билікке шағымданды
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі