Айжұлдыз Адайбекова сәбиінің есімін жариялады
Фото: https://www.instagram.com/aizhuldyz_adaibekova/
Танымал блогер Айжұлдыз Адайбекова сәбиіне қандай есім қойғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Блогер ер баланы дүниеге әкелгенін көрсеткен еді.
“Қағаров Санат Сәкенұлы", – деп жазды желі жұлдызы.
Сондай-ақ актриса "Санат" есімінің бір мағынасы "үйлесім", "жарасымдылық" екенін түсіндірді.
"Оның әрдайым үйлесімде болғанын қалаймын. Менің айналамда есімінде екі немесе төрт дауысты әрпі бар адамдар көп. Бұл жай сәйкестік деп ойламаймын, өзіңіз қараңызшы: анамның аты – Жанар, ұлым – Назар, күйеуім – Сәкен, енді міне – Санат", — деп жазды Айжұлдыз.
-
"Біздің арқамызда блогер болдың": Айжұлдыз Адайбекова оқырмандарына үндеу жасады
-
"Кімнен екенін беске білемін": Айжұлдыз Адайбекова өзіне бірнеше рет сиқыр жасалғанын айтты
Еске салайық, блогердің қалыңдық көйлегі ұлы Назардың идеясы екенін жазған едік.
“Үстіміздегі киімнің суреттерін ұлым Назар салды. Идеяны Анджелина Джолиден алдым. Оның 6 баласы той көйлегіне өз суреттерін салған. Қарасаңыздар, Назар да ойына келген дүниелерді салған. Машина, мотоцикл, қарбыз, күн, баклажан, гүл, трактор салыпты. Қалыңдық гүлінің орнына тәттілер ұстадым”, – деді блогер.

"Қанды Қаңтар" алдында газ бағасын көтеруді қолдаған мұнай сарапшысы тағы сынға қалды: Енді жолақыны қымбаттатуды ұсынды
