Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айыптаушы жақ Күлекбаевты өлім жазасына кесуді сұрады

Мемлекеттік айыптаушы жақ соттан Руслан Күлекбаевты өлім жазасына кесуді өтінді.

393967

Бұрын екі рет сотталған Руслан Күлекбаев 2016 жылы 18 шілдеде Алматы қаласында жасалған теракт үшін айыпталды. Ол кезде сегіз құқық қорғау органдарының қызметкері және екі азамат қаза тапқан болатын. Мемлекеттік айыптаушы жақ соттан Руслан Күлекбаевты өлім жазасына кесуді өтінді.

18 шілде күні қаруланған ер адам Алматыда полицейлерге шабуыл жасады. Бұл оқиғада 10 адам қаза тапты, оның ішінде әйел адам полицейлерге шабуыл жасар алдындағы түнде өлтірілген болатын. Қылмыскерді ұстау арнайы операциясын жүргізу кезінде қалада террорлық қауіптің қызыл деңгейі енгізілген еді. Шабуыл жасаған адам сол күні ұсталды. Ол бұрын екі рет сотталған 26 жастағы Қызылорда облысының тумасы Күлекбаев болып шықты. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев болған оқиғаны теракт жеп атады. Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінде хабарлағандай, тұтқындалушы бұдан бұрын жазасын колонияда өтеп жүріп, салафиттермен байланысқа түскен.

“Күлекбаев Русланды өлім жазасына кесуді сұраймын” – деді прокурор. 2003 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев “Қазақстан Республикасында өлім жазасына мораторийді енгізу туралы” қаулыға қол қойған болатын. Мораторий мерзімі шектелмесе де, қажет болған жағдайда өзгертілуі мүмкін.

«ҚР ҚК 291-бабының 2-тармағымен, ҚР Конституциясында ең ауыр жаза өлім жазасы террорлық акті жасағанда қолданылатыны жазылған. ҚР ҚК 200-бабындағы террорлық актіге байланысты Ата заң атынан, қылмыстық істерді жүргізуде прокуратура қызметкеріне берілген өкілеттік негізінде, 255-баптың 4-тармағына сүйеніп, мүлкін тәркілеп, өлім жазасын беруді сұраймын», – деді Бақашбаев.

Прокурор Күлекбаев ісі бойынша жауапқа тартылған Рафик Людың мүлкін тәркілей отырып, 9 жылға жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеуді, Сапарбековтің мүлкін тәркілеп, 12 жылға қатаң тәртіптегі колонияда жазасын өтеуді, Әсембекұлын мүлкін тәркілеп, 11 жылға бас бостандығынан айыруды, Құсайыновты 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Бұған дейін атыста қаза тапқандардың аналары Күлекбаевқа ату жазасын талап етіп жатқаныРуслан Күлекбаевтың көпшілікке беймәлім қырлары туралы да ақпарат жарияланған еді. Еске сала кетсек, 18 шілде күні Алмалы аудандық полиция басқармасына, сосын ҰҚК департаментіғимаратына шабуыл жасалды. Нәтижесінде 6 адам қаза тауып (үш полицей, бір шекара қызметкері және бір бейбіт тұрғын), 8 адам зардап шекті. Билік аталған оқиғаға теракт деп баға берді. Ал ұсталған күдікті бұрын сотталған 26 жастағы Қызылорда облысының тумасы екен.

Талқылау