Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айына 10 миллионнан астам: кеденші пара алу үшін таптырмас жүйе ойлап тапқан

Әйел адам 41 адамды рөлдерге бөліп, өзі басшылық етіп, тауарларды кеденде тезірек ресімдеу үшін пара жинаған.

1203989

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

Облыстық МКД “Қостанай-ЦТО” кеден бекетінің басшысы Нұрғазинаны пара алу үшін қылмыстық схема құрды деген күдікпен Қостанай облысы бойынша жемқорлыққа қарсы департамент ұстады деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметі.

Нұрғазина тауарларды кедендік ресімдеуді жеделдету үшін жеке тұлғалардан жүйелі түрде пара алып отыру мақсатында қылмыстық схема құрған. Схемаға кеден бекетінің 11 лауазымды тұлғасы мен 30-дан астам кәсіпкерлер қатысқан. Әр қатысушы өз рөлін қатаң түрде орындауға тиіс болыпты, оларды Нұрғазина жалпылама басқарып отырған, кеден бекетінің маманы Жақсылықов “кассир” болған. “Биыл қараша-желтоқсан айларында алынған пара көлемі  10 миллион теңгеден асады. Қазіргі уақытта Нұрғазина мен Жақсылықов ҚР ҚПК 128-бабына сәйкес ұсталып, Рудный қаласы ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалды”, — деп хабарлайды департамент.

Жіберіп алмаңыз:

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай көптеген азаматтар мемлекеттік марапатқа ие болды

Румынияда итке жасанды тыныс алғызған өрт сөндіруші желі қолданушыларын тебірентті (видео)

Дидар Амантай Ләйлә Сұлтанқызы туралы: Екі кітап жазғанын білеміз, бірақ бір кітап оқыды ма?

Талқылау