"Қош келдің, жаным": Динара Қырықбаева үшінші перзентін дүниеге әкелді
Динара Қырықбаева үшінші рет ана атанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Соңғы уақыттары өзін отбасына арнаған әнші Динара Қырықбаева қыз босанды. Енді өнер иесі екі қыз, бір ұлдың анасы. Өмірге нәресте келгені туралы әнші желідегі парақшасына жариялап, сүйінші сұраған. Сонымен қатар, қызының салмағы мен бойының өлшемін жазуды ұмытпапты.
"Баршаңызға рахмет! 26.08.2019, бойы - 54 см, салмағы - 3728 гр. Айя, қош келдің, жаным!" - деп жазды Динара Қырықбаева.
Мұны көрген жұрт өнер иесін қуанышымен құттықтап, бауы берік болсын айтты. Жарыса пікір жазған жұрт әншінің перзентіне бар жақсылықты тілеген.
"Бауы берік болсын", "Қуаныштымын", "Үлкен азаматша болып өссін", "Маған да жұғысты болсын", "Қай уақытта босанып үлгересің?", "Баянды ғұмыр тілеймін", "Сұлудан сұлу қыз туылды", - деп пікір білдірді жұрт.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн