Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Ayumi” тобындағы Айдана ақ жаулықты келін атанды (фото, видео)

Қазақстан эстрадасындағы тағы да бір танымал топтың әншісі тұрмысқа шықты. Ол заманауи әндерімен жастардың жүрегін жаулаған – “Ayumi” тобының әншісі Айдана Шәріпханова.

айдана аюми-060317

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Бұл туралы “Ayumi” тобының продюсері Алуа Қонарова жария етті.

“Қуанышты хабарды жария етуге міндеттімін. Біздің “Ringo World” шығармашылық отбасымызда қуанышты жаңалық, біздің Айдана тұрмысқа шығып жатыр. Әйел заты тұрмыс құрып, ана бақытына бөлену үшін жаралған. Бұл әйелдің әуелгі мақсаты.

айдана-2

Сол себепті де, құрметті жанкүйерлер, сіздер уайымдамаңыздар және қамықпаңыздар, одан да Айданаға бақыт, шынайы махаббат тілеңіздер. Өйткені бұл расымен де бәріміз үшін қуанышты әрі жағымды жаңалық”, – дейді ол.

Айдананың таңдаған жігіті Әнуар Мәлік есімді азамат екені белгілі болды. Өз кезегінде ол өзге продюсерлер ұқсап шу шығармай, түсіністік танытқаны үшін Қонароваға алғыс айтты.

айдана-5

Айтпақшы, күні кеше қазақтың салты бойынша Айдананың беташар рәсімі болып өтті. Ал үлкен тойдың қашанға жоспарланғаны белгісіз.

The End of #холостойануар 😂не отписывайтесь плиз

Публикация от Anuar Malik (@anuarmalik)

Есте болса, бұған дейін Алуа Қонарова “Ayumi” тобына кастинг жариялаған еді. Соған қарағанда тұрмысқа шыққан Айдана топтан кететін сияқты.

Жіберіп алмаңыз:

Ақбота Сейтмағамбет үш баланың әкесі Дәурен Айдарқұловқа тұрмысқа шықты

Сая Оразғалиева: Сүйіктім Құдайдан Тәуекел екеумізді сүйісіп қоймаса екен деп тілеп жүр

Ақбота Сейтмағанбет: Мені балағаттап жандарыңыз жай тапқан шығар

Димаш 45 мемлекетте таралатын журналдың мұқабасына шықты (фото)

Талқылау