"Айтқым келмейді": Димаш Құдайберген жеке өміріне қатысты сұраққа жауап берді
Фото: Жеке парақшадан алынды
Әлемге танымал жұлдыз Димаш Құдайберген көпшіліктің көкейінде жүрген ең маңызды сұрақтардың біріне жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әлеуметтік желіде тараған видео үзіндіде оқырмандардың бірі "Димаш, қашан үйленесің?" деп сұраған.
Димаш бұл сұрақты жауапсыз қалдырмады. Бірақ ашып ештеңе айтпады.
"Білмеймін енді... Айтпаймын, айтқым келмейді. Өйткені бұл – менің жеке өмірім. Сол себепті, айып етпеңіз. Көре жатармыз. Бәрі Алланың қалауымен болады ғой", – деді әнші.
-
"Келінімізді күтіп жүрміз": Димаш Құдайбергеннің ата-анасы ұлдарының қашан үйленетінін айтты
-
"Әкесі де жатқан": Димаш Құдайбергеннің бала күнінде жатқан бесігі мұражайға қойылды
Еске салайық, Димаш Құдайберген жүзік таққан арудың кім екені белгілі болғанын жазған едік.
Өнер иесі неке жүзігін ұстап, ақ көйлек киген қалыңдығын күтіп, жарнамаға түсіп жатқанын көруге болады. Алайда желі қолданушылары бейтаныс бойжеткеннің кім екенін тапты.
“Наталья Петри – Алматы қаласының өткен жылғы сұлулық байқауының жеңімпазы. Абай атындағы қазақ ҰПУ-да ғылыми физика мамандығы бойынша оқиды. Мектеп қабырғасынан бері физикамен қоса химия, математика пәндеріне аса қызығушылық танытқан Наталья Петри осы бағытта ұстаздық етуге бел буған. Сондай-ақ Наталья ұлттық бимен айналысады, қазақ мәдениетін жақсы көреді және қазақ тілінде еркін сөйлейді. Оның әкесі – неміс – анасы қазақ”, – деп жазды желі қолданушысы.

Қазақстанда өсіп, Тәжікстанда төмендеп жатыр: ТМД елдерімен қосылған құн салығын салыстырып көрдік
