Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айсұлу Әзімбаева сүйіктісімен бір фильмге түскенін айтып сүйінші сұрады

Айсұлу Әзімбаева көптен жасырған құпиясын ашып, жуырда қалың көрерменге сүйіктісімен бірге басты рөлді сомдайтын фильм ұсынатынын айтты. Аталған фильмді шетелдік режиссер түсірген екен.

16228843_1814691275473261_894603917814398976_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Мен бұл туралы көпке дейін тіс жармай келдім. Енді уақыты келген сияқты. Бұл орындалды. Бар өмірімнің арманы орындалды. Жақын адамыммен бірге киноға түстім. Бұл оқиға көп нәрсені ой елегінен өткізіп, арамызды жақындата түсті. Аталған фильм – өмірімдегі ең үлкен жоба. Мақсат. Мотивация. Менмендік. Нәтиже. Жуырда Шыңғыс Капин екеуіміз басты рөлді сомдайтын жаңа фильм жарық көреді”, – дейді Айсұлу Әзімбаева.

Желі қолданушылары қос ғашыққа бақыт тілеп, аталған фильмді асыға күтетіндерін жарыса жазып жатты. “Тамаша жаңалық! Фильмнің шығуын асыға күтемін! Сіздер үшін ерекше қуаныштымын! Сондай тамаша жандарсыздар. Жаңа жеңістер тілеймін”, “Айсұлу, прокатқа қашан шығады?”, “Сіз қатысқан кез келген фильмді көруге дайынмын. Мен сіздің кез келген рөлді тамаша сомдайтыныңызға сенімдімін. Сіздерге бақыт пен табыс тілеймін” деп жазады олар.


Жіберіп алмаңыз:

Баян Нұрмышева сүйіктісіне арнаған әнін гитарамен орындап берді (видео)

Бағлан Әбдірайымов Қытайда болған қызықты оқиғасын айтып, жұртты күлкіге қарық қылды

Ерке Есмахан ұлына маза бермеген желі қолданушыларымен ұрысып қалды

Баян Есентаева өзі туралы кино түсірмек

Талқылау