Айсұлтан Назарбаев Қазақстан футбол федерациясындағы басшылық қызметінен кетті
Айсұлтан Назарбаев Қазақстан футбол федерациясындағы қызметінен босатылды. Бұл туралы федерацияның ресми сайты хабарлады.
«Айсұлтан Назарбаев өтінішіне байланысты «Қазақстан футбол федерациясы» ЗТБ-нің вице-президенті қызметінен босатылды», – делінген хабарламада.
Айсұлтан Назарбаев 2017 жылдың 28 ақпан күні Қазақстан футбол федерациясы Атқарушы комитетінің шешімімен ФИФА, УЕФА халықаралық ұйымдары және Ұлттық Қауымдастықтарымен байланыс бойынша вице-президент міндетін атқарушы қызметіне Айсұлтан Назарбаев тағайындалған еді.
Талқылау