Айша: Қорғансыз әйел әуретті жерлерін көрсетуге құмар
Қазақстандық танымал жұлдыздар өздерінің әлеуметтік желідегі парақшаларын түрлі мақсатта пайдаланады. Бірі күнделікті жаңалықтарымен бөліссе, екіншілері қымбат брендтің өнімдерін жарнамалайды. Мұнымен қатар, ақыл-кеңестерімен бөлісетін жұлдыздар да бар. Олар оқырмандарына тамақ жасаудың түрлі тәсілін үйретіп, пайдалы кеңестерімен бөлісіп отырады. Осы орайда, Бүркіттің аяулы жары Айшаның отбасының бақытын сақтап қалуға қатысты жазбаларын ұсынамыз.
Фото: websta.me/n/aisha_vee
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Сүйікті жар, аяулы ана, әнші Айша Instagram желісіндегі парақшасында оқып білгендерімен, өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісуді жөн көрген.
1. Дана әйел – отбасының ұйытқысы
Отбасын әйел адамның даналығының арқасында сақтап қалуға болады. Біз әйел мен ер адам жартышарларының әртүрлі жұмыс істейтіні туралы айттық емес пе? Әйел адамда оң және сол жақ жартышарлары бір уақытта қатар жұмыс істейді. Оның бірі саналы шешім қабылдауға, екіншісі эмоцияға жауап береді. Әйел адамның ойы сергек бола тұра, сезімге беріліп кетуі мүмкін. Ал ер адамның оң немесе сол жақ жартышары кезек-кезек жұмыс істейді.
Сондықтан отбасының айрандай ұйып отыруы әйел адамның қолында. Себебі, ер адам тек саналы шешімдер қабылдайтын болса, сырт көзге жиіркенішті, суық көрінеді. Мұның экстремалды жағдайларда пайдасы мол. Ал әйел мұндай жағдайда бірден дүрбелеңге салынып, айқайға басады. Ал эмоцияға берілген ер адам саналы түрде шешім қабылдауға қауқарсыз болады.
2. Әйелсіз еркек те жоқ
Еркектің жетістіктерге жетуіне әйел адамның қосар үлесі қандай? Назар аударсаңыздар, бұл жерде оны өзгерту туралы айтып тұрғаным жоқ. Ер адам аккумуляторға ұқсайды. Оған уақыт өте келе қуаттанып отыру қажет. Сонда оның мақсаты не? Ер адам әйел адаммен қатарласуға тырысады. Себебі әйел адам үнемі күш-қуатқа толы болады. Ол – керемет жан.
Ер адам күш-қуатты әйелден алады. Әйел жоқ жерде еркек те жоқ. Мысалы, Жабайы Батыс туралы оқиғаны еске түсірейікші. Ол жаққа кімдер бар еді? Жауапкершілігі жоқ еркектер. Олар отбасы мен тұрақты жұмыстары бола тұра Еуропада қалып қойды. Бірінің басы дауға қалса, енді бірі іздеуде жүрді. “Жабайы Батыс” үрдісі белең ала бастады. Бір-бірін атып өлтірді.
Ал әйелдерден қасында кім болды? Оларды түрмеге сүйрегендер ғана. Барлығы реттеле бастаған кезде мүлдем өзгеше әйелдер келе бастады. Ол әйелдердің және туған қыздарының моральдық принциптері өте жоғары болды. Осы тәрбиелі әйелдер жігіттерге “Сен маған лайық болуың керек, тапаншаңды ары-бері сілтеуден еш пайда жоқ” деді. Осыдан кейін ер адамдар қатты өзгере бастады. Ер адам табиғатынан сүйіктісіне лайық болғысы келеді.
3. Бақытты отбасының құпиясы
Некелескен ғашықтар бақытты да ұзақ ғұмыр кешті. Олар бір-бірімен барлық құпияларын, уайым-қайғыларын бөлісіп отырды. Алайда әйелі күйеуінен шкафтың үстінде тұрған қорапқа тиіспеуді өтінген екен. Ер адам аяқ киім қорабының ішінде не бар екенін сұраған да емес. Ол оның ішінде тек әйел адамдар ғана білуі тиіс зат бар деп ойлап жүрген.
Күндердің бір күнінде әлгі әйел қатты сырқаттанып қалады. Жағдайы әбден нашарлаған соң күйеуінен әлгі қорапты ауруханаға алып келуін сұрайды. Көптен бері жасырған құпиясын ашпақ болады. Еркек үйіне келіп әлгі қорапты ашады. Ішінде 2 тоқыма қуыршақ пен 95 мың доллар болады. Ол өзіне “Неге?”, “қалайша?” сынды сұрақтар қойып, ақшаның көптігіне қайран қалады.
“Екеуіміз отасардың алдында әжем бақытты отбасының құпиясын ашқан болатын. Бұл құпия менің күйеуіммен ешуақытта сөз таластырмауымнан құралған-ды. Ол саған ашуланған кезде үнсіз отырып бір қуыршақ тоқуымды айтқан”, – дейді әйелі.
Күйеуі қорапта небәрі екі қуыршақ бар екенін көріп қатты қайран қалады. Некелескен 50 жыл ішінде ол өзіне екі рет қана ренжіген екен деп ойлайды. Қуанышы қойнына сыймаған күйеуі әйелін құшақтап, маңдайынан сүйіп тұрып “Мына ақшалар қайдан пайда болған?” деп сұрайды. Сонды әйелі “Оны қуыршақтарды сату арқылы таптым” дейді.
4. Будда мен қайыршы
Будда заманында қайыршы Буддаға кезігіп қалады. Одан “Мен неге мұнша кедеймін?” деп сұрайды. Сонда Будда “Сен жомарт емессің” деп жауап қайырады. Алайда қайыршы жомарт болуым үшін, ең алдымен, бай болуым керек деп ойлайды.
– Будда, мен өзгелерге бірнәрсе ұсынуым үшін өзімде дүние-мүлік болуы керек қой.
– Сенде өзіңді жомарт етіп көрсете алатындай бес нәрсе бар.
– Маған осы бесеуі туралы айтып берші, өтініш.
– Күлімсіреу арқылы өзгенің жанына нұр сыйлай аласың. Көздеріңмен тек жақсылықты байқап, айналаңдағыларға қорған бола аласың. Аузыңмен де әдемі сөздер айтуға құлықтысың. Ал жүрегіңмен өзгелерге тек бақыт тілеуіңе болады. Сен әртүрлі жолмен жақсылық жасай аласың.
Будда бұл сөздерді әлгі қайыршыға ғана емес, барлығымызға айтты. Осы бес игі іс барлығымыздың қолымыздан келеді. Неге екені белгісіз, жомарттық жасаудан қашамыз ғой.
5. Әйел – жүрек, еркек – ақыл
Әйел адам көп жағдайда жүрегін тыңдайды. Ал ер адам ақылына жүгінеді. Олар осылай жаралған. Отбасылық өмірде де дәл солай. Еркек маңызды шешім қабылдаған кезде тек ақылына жүгінеді. Ал әйел адам ақылды болса да, жүрек қалауын ескереді. Сондықтан үйдің басшысы – еркек. Алайда ақылсыз жүректің соқыр, ал жүрексіз ақылдың қатыгез болатынын ұмытпайық.
6. Махаббат – үнсіздік
Ғашықтардың көп сөйлеспейтіні – нағыз махаббаттың белгісі. Олар әр қадамын қатар басып, бір шаңырақтың астында өмір сүреді. Осының өзі де жеткілікті. Олар бақыттың жүректерінде екенін сезініп, тағдырларына алғыс айтады.
7. Қорғансыз әйел әуретті жерлерін көрсетуге құмар келеді
Қыз-келіншектер қошемет сөз естімесе… Нәзік жандылар үшін біреудің қанатының астында болудың маңызы зор. Үйдегі ер-азаматтар әйелін құрметтеп, оған қошемет сөздер айтып отыруы тиіс. Әйел үнемі өзінің жақсы, тартымды екенін сезінуі қажет. Осы сезім жетіспеген кезде “Мен саған ұнаймын ба?” деген сауал қоя бастайды.
Табиғатынан өзін үнемі қорғансыз сезінеді. Мұны түсінген ер азамат қолынан келгеннің барлығын жасауы тиіс. Түсінуге де міндетті. Себебі үйленген соң, қызды болған соң осы нәзік жандылар үшін бар жауапкершілік оның мойнында болады. Сол кезде ғана әйел адам мұндай махаббаты шеттен іздемейді.
Әйел адам ешуақытта ерінің көзіне шөп салғысы келмейді. Бұл сөзіммен келісесіздер ғой? Әдетте әйел адам шаңырақтың ұйытқысы болғысы келеді. Ол адам ерінен махаббатты сезінбеген кезде, белдемшесі қысқарып, кеудесін аша бастайды. Ашық-шашық киініп, өзгелердің назарына ілінгісі келеді. Өкінішке орай, осыдан кейін оның құндылықтары арзандап, қорғансыз бола бастайды.
8. Құдайға сенбеген шаштараз
Бір адам әдеттегідей шаш алуға шаштаразға келеді. Әртүрлі тақырыпта сөйлесіп, бір кезде әңгіме Құдайға ұласады.
– Сіз не десеңіз де, мен Құдайға сенбеймін.
– Неге?
– Бұл онсыз да белгілі нәрсе ғой. Құдайдың жоқ екеніне көшеге шығып-ақ көз жеткізуге болады. Құдай бар болса, адамдар неге сонша ауырады? Тәрбиесіз балалар қайдан пайда болады? Егер ол шын мәнінде бар болса, жер бетінде мұң мен қайғы болмас еді. Құдай бар бола тұра мұндайға жол бермейтін еді ғой.
Клиент аз ойланып, сөз таластырмауды жөн көреді. Шаштараз жұмысын бітірген соң ол ләм-мим деместен кетіп қалады. Көшеге шыққан кезде сақал-мұрты қырылмаған, шашы алынбаған бір адамды кездестіреді. Құдды бірнеше жыл бойы шашын алдырмаған секілді. Сол сәтте ол әлгі құдайға сенбейтін шаштаразға қайтып келеді.
– Сіз білесіз бе? Жер бетінде шаштараздар жоқ.
– Қалай сонда?
– Мен есепке кірмеймін бе? Мен шаштараз емеспін бе?
– Жоқ! Шаштараздар жоқ. Олар болған жағдайда жер бетінде сақал-мұрты мен шашы өскен адамдар болмайтын еді.
– Сен де қызықсың, мәселе шаштараздар да емес қой. Бар болғаны маған адамдар келмейді.
– Иә, бар мәселе осында болып тұр ғой. Құдай бар. Бар болғаны адамдар оны іздеп келмейді. Жер бетінде мұң мен қайғының көп болуының себебі осыда.
9. Ескі құдықты тазарту
Отбасындағы негативтен арылу – ескі құдықты тазартқанмен бірдей. Әйел адам ішіндегі жағымсыз энергияны шелектеп шығарады. Ал еркек оны ешкімге көрсетпестен шетке апарып төгеді. Жағымсыз болса да, әйел адам ішінде сақтап жүрген жағымсыз энергияның барлығын сыртқа шығарады. Ер адамның махаббаты осы кезде қалай көмек көрсететінімен байланысты.
Күйеуінің осындай жағымсыз қылықтарын көтере алатынын көрген кезде әйел адам оны ерекше құрметтей бастайды. Еркек әйел адамның табиғатын түсініп, оны сол күйінде қабылдайды. Кек сақтамастан махаббатпен қайта оралады. Бұл дұрыс дамып жатқан қарым-қатынас. Осылайша “құдықтағы су” тазарып отырады.
10. Әйел адамға өзгеру шарт емес
Әйел адам ешуақытта өзін түзетпеуі керек. Әйел адамның басты мақсаты – өзін өзгертуге тырыспауы. Ол бар болғаны ішінде тұнып жатқан дүниені сыртқа шығаруы қажет. Әйел адамның бойына жаратқан барлық ізгі қасиеттерді сыйдырған.
Жіберіп алмаңыз:
Бүркіттің Айшасын біреулердің ұрлап кеткені қаншалықты рас
Бүркіт пен Айша өздері ұйымдастырған байқаудың қорытындысын жариялады (фото)
Әнші Бүркіт отбасымен бірге Солтүстік Африкада жүр
Тыңдармандары шашын бояған Айшаның әжеге ұқсап қалғанын айтуда