Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айсәуле Бақытбек жігітімен азаматтық некеде тұрғанын ашық айтты

Баян Алагөзованың тұңғышы Айсәуле Бақытбек жігітімен азаматтық некеде тұрғанын және мұнан кейін жігітінің тастап кеткенін ашық айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

Айсәуле Бақытбек Instagram желісіндегі парақшасында некеге деген көзқарасын айтып, өзінің тәжірибесімен бөлісті. Айтуынша, ол сүйіктісімен азаматтық некеде тұрғаннан кейін, жігіті оны тастап кетіпті.

«Егер қыздарыңыздың өмірінің соңына дейін пәктігін сақтап өткенін қаласаңыз немесе азаматтық неке туралы нашар ойласаңыз, бұл жазбамды оқымай-ақ қоюыңызға болады. Өз басым азаматтық некені қолдаймын. Десе де дәстүрлі некеге де еш қарсылығым жоқ. Шынымды айтсам, басқа ересек адамдардың қарым-қатынасында шаруам жоқ. Өз басымнан өткен жағдайдан түсінгенім, егер үш жыл бұрын жігітіммен азаматтық некеде тұрмас бұрын, бірден тұрмысқа шықсам, онда некеміздің Ким Кардашьян и Крис Хамфристікіндей оқиғамен аяқталатын еді деп ойлаймын. Себебі мен отбасылы өмірге мүлдем дайын болмады. Ұялсам да айтайын, біздің үйіміз ғашықтардың мекенінен гөрі, қоқыс үйіндісіне ұқсайтын. Ал нәтижесінде біз Алматыға келе сала жігітім мені тастап кетті. Несін жасырайын, мен оны түсінемін. Біз жарты жылға айырылыстық. Бұл уақыт мен үшін өте тиімді болды. Есесіне қазір мен үй жинауды, тамақ жасауды және керек жерде ер адамнан төмен тұруды үйрендім. Ең бастысы ынта-ықылас менің тарапымнан ғана болмады. Жігітім де есейіп, көп нәрсеге басқаша қарайтын болды. Қазір мен жігітіммен өз өмірімді бөліскім келетінін түсіндім. Десе де некеге тұруға әлі де асықпаймыз. Біз ақша табуға асығып, болашаққа жоспар құрып, мақсатымызға жету жолын жоспарлаудамыз», – дейді Айсәуле Бақытбек.

Сондай-ақ, Айсәуле қыздарын ерте тұрмысқа беруге асығатын ата-аналарды түсінбейтінін айтты. Оның сөзінше, ата-ана балаларға қателесуге, жақсы көруге және қандай жағдай болмасын, үйге қайтып келе алатынына сенімді болуына мүмкіндік беру керек.

«Құдайға шүкір, менің анам да, әкем де қыздарын ерте тұрмысқа беруге асығатын адамдардан емес. Мен мұндай ата-аналарды мүлдем түсінбеймін. Балаларыңызға қателесуге, жақсы көруге және қандай жағдай болмасын, үйге қайтып келе алатынына сенімді болуына мүмкіндік беріп, «данагөй ақсақал» болып туылмағаны үшін ұялатын жағдайға жеткізбеңіздер. Сіздердің балаларыңыз ертелі-кеш бәрі-бір қыдырып, жыныстық қатынасқа түсіп, ішіп немесе шегетін болады. Бірақ оларың өз әрекетін ашық айтып, кеңес сұрауы немесе жасыруы – сіздің таңдауыңыз. Қызыңыздың аборт салдарынан бедеу болып қалғанын білгеннен гөрі, оған қалай сақтануды үйреткен дұрысырақ. Ұят үшін жаман күйеуімен тұра беруіне көндіргеннен немесе ажырасқаннан гөрі, сүйіктісімен тұрып, өзін-өзі алып жүре алуына мүмкіндік берген жөн», – деп жазды Айсәуле Бақытбек.

Оқи отырыңыз:

Ақтөбеде полицейлер орамал тағатын оқушылардың үйлерін аралауға кірісті

Назарбаев пен Трамптың келіссөзінде қандай мәселелер талқылануы мүмкін екені белгілі болды

Геннадий Головкин Шымкентте дүркіреп өткен тойға арнайы қонақ болып келді

Төреғали Төреәлі дүркіретіп өткізген концертінде Республика сарайындағы күйсандықты сындырып кеткен

Талқылау