Айсәуле Бақытбек: Өтірік айтпауға және өзімді лайық ұстауға тырысып жүрмін
Баян Мақсатқызының қызы Айсәуле Бақытбек ішкі сырын ақтарды. Ол елдің жағымсыз пікірімен қалай күресетінін әңгімелеп, өзі үшін өмірдегі басты құндылықтарды атады.
Бұл туралы «Космополитан» журналына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
«Бұрын айналадағы адамдардың пікіріне қатты зер салатынмын. Үйден боянбай шықпайтынмын. Алайда шетелде болып келген соң барлығына жеңіл көзбен қарап, өзімді бар күйімде жақсы көре бастадым. Себебі мен сияқты адам басқа еш жерде жоқ. меніңше, әр қыз өзіне солай қарауы керек.
Бала кезден елдің жағымсыз пікіріне қарсы иммунитетім қалыптасып қалған. Әрине, бұрындары ренжіп қалатынмын. Бірақ бір күні анам: «Білесің бе, қызым, елдің айтқан әр сөзіне уайымдай берсем, баяғыда есімнен адасар едім», – деді. Сондықтан да ол жайлы ойламауға тырысамын.
Белгілі бір шектен шықпауға, моральдік құндылықтарды ұстануға тырысамын. Кейін өз әрекетім үшін ұялмасам деймін. Келешекте ол кезде ақымақ әрі жас едім деп ақталмас үшін, өтірік айтпауға және өзімді лайықты ұстауға тырысып жүрмін», – дейді Айсәуле басылымға берген сұхбатында.
Жіберіп алмаңыз:
Зарина Омарова: Менің жарым екенін оны алғаш көргенде білдім (фото)
Қайрат Нұртастың әкесі отбасын асырау үшін дәретхана жуған кездерін еске алды