Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айсәуле Бақытбек: Әкеме деген сезімімді сендер елестете де алмайсыңдар

Баян Есентаеваның қызы әлеуметтік желіде әртүрлі тақырыптағы жазбаларымен бөлісіп отырады. Белгілі бір хэштегтермен басынан өткен оқиғаларын баяндайды. Олардың арасында отбасы мен жеке өмірі туралы да жазбалары бар. Назарларыңызға Айсәуле Бақытбектің осы уақытқа дейін туған әкесі туралы жазған жазбаларын ұсынамыз.

image

Фото: instagram.com/aissaulebakytbek/

Күні кеше Есентаевтар отбасында болған жанжал жұртты шулатты. Қайғылы оқиғаға қатысты желі қолданушылары түрлі пікір білдірді. Мұнымен қатар, продюсердің туған қыздары мен туысқандарына мән-жайды сұрап сұрақтар қойылды. Адамдардың мұндай жағымсыз әрекетіне бірінші болып Бағым Мұхиденова мен Аша Матай жауап берді. Олар жұрттан отбасын тыныш қалдыруды өтініп сұрады. Кіші қызы Айару да желі арқылы өзіндік пікірін білдірген-ді. Ал Айсәуле Бақытбек әлі де үнсіз. Десе де, бойжеткен осы уақытқа дейін анасы мен әкесін мақтан тұтатындығын, әкесінің жақсы адам екенін жиі жазып жүрген-ді.

“Мен Жаратқанға дәл осындай отбасында дүниеге келгенім үшін алғыс айтамын. Менің қорғаным, қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Мен әкем туралы айтқан кезде, қандай сезімде болатынымды сендер елестете де алмайсыңдар. Ол мен үшін жер бетіндегі ең жақсы, керемет жан! Мен сені бәрінен де қатты жақсы көремін! Мұны сөзбен жеткізе алмаймын.

Мен, Айару және әкеміз үшеуіміздің арамыздағыдай ерекше қарым-қатынасты ешкімнен көрген емеспін. Есімі бас әріппен жазылатын еркек қана қыздары мен әйелін бақытты ете алады! Әкешім, сен өмірдегі ең жақсы дүниелерге лайықсың. Анам екеуіңді жерге қаратпаймын деп уәде беремін. Шексіз жақсы көремін! Барлығымыз әкешіме денсаулық тілейікші”, – дейді Айсәуле Бақытбек Отан қорғаушылар күні жазылған жазбасында.

Жұрт Баян Есентаева мен қыздары туралы жиі естісе де, оның жолдасы туралы көп ешнәрсе білмейді. Тіпті қай саланың маманы екендігін дөп басып айта алмайды. Мұны Айсәуле Бақытбек те мойындайды. Ол мұны әкесінің ұяң мінезімен, камераларды ұнатпайтындығымен байланыстырды.

11142217_540357189435838_474061569_n

“Менің анам туралы барлығы біледі, ол жер бетіндегі ең жақын адамым әрі үлгітұтарым. Әкем туралы осыған дейін де жазып жүрдім. Ол ұяң адам, оны фотокамераның жарқылы қызықтырмайды. Біз оны әдейілеп жасырмаймыз. Әкем мен үшін ауа мен судай. Ол жер бетіндегі ең жақсы адам.

Әкешім, сенің осы жазбамды оқып отырғаныңды білемін, сондықтан өзіңе сәлем жолдаймын. Сен болдың және менің өмірімдегі ең бірінші орында тұратын ер адам болып қала бересің. Ешкім де сенімен қатар тұра алмайды. Сенен асып түсетін адам жоқ. Жыл сайын жас қосып келе жатқанымды мойындағым келмейді, бірақ менде мені кішкене қызым деп қабылдайтын ең жақсы ата-ана бар.

Айса тышқан мен қара гауһар. Әкем ғана менің күн сайын не жейтінімді қадағалап, тамақ ішкен-ішпегендігім туралы сұрай алады. Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастан артық ешнәрсе жоқ. Олар тамаша жандар. Айару мен сендердің барларыңа жаратқанға шүкіршілік етемін. Бір сөзбен айтқанда сендер керемет жансыңдар. Сендерге деген сезімімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Десе де, бұл сезімдердің ең кереметі болып қала бермек!” – дейді бойжеткен.

10598451_168592986830112_993662385_n

Бойжеткен бүгінгі таңда Дубай қаласының аса танымал емес университеттердің бірінде білім алып жатыр. Ол бастапқыда Лондон қаласындағы университетке тапсырып, оқуға түскен. Артынша сүйіктісімен бірге Дубайға баруды жөн көреді. Дәл қазір жазғы демалыста өз үйіне келген.


Жіберіп алмаңыздар:

Айсәуле Бақытбек өзінен ақша сұраған бейтаныс адамдарға наразылық танытты

Баян Есентаева қызының арманы орындалды

Есентаеваның шетелдегі қызы жастарды армандай білуге, оның орындалуы үшін күресуге шақырды

Баянды өлтіруге бекінген күйеуінен қызы арашалап қалған

Талқылау