Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айсәуле Бақытбек зорлық-зомбылыққа қарсы феминистік митингке қатысты

Алматыдағы Ганди саябағында өткенӘйелдер автономиясы үшін: сексуалды зорлық-зомбылыққа қарсы” феминистік митингте танымал продюсер Баян Алгөзованың қызы Айсәуле Бақытбек те бой көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

©instagram.com/aissaulebakytbek

Айсәуле “Қызыңды қорға, ұлыңды тәрбиеле” деген полкат ұстап шыққан суретін әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Ел назарында жүрген оның бұл әрекетін бірі қолдаса, енді бірі келіспейтінін айтып, қарсы шықты.

“Өте дұрыс баланы кішкентайынан тәрбиелесе қыз баласын қорламас еді”, “Қыздарға ханшайымдай қарау үшін ұлдарды тәрбиелеу керек”, “Қолдаймын”, “Дұрыс біреудің әлпештеп баққан баласын ешкімнің басынуға хақысы жоқ”, “Қызды да, ұлды да тәрбиелеу керек”, “Қыздың бәрі ибалы, ұлдың бәрі тентек емес”, – деп пікір қалдырды желі қолданушылары.

Естеріңізге сала кетейік, 8-наурызда Алматыда зорлық-зомбылыққа қарсы феминистік митинг өткені хабарланды.

Талқылау