Айсәуле Бақытбек өзінің жүктілігі жайлы сұраған желі оқырмандарын орнына қойды
Айсәуле Бақытбектің шоу-бизнеске еш қатысы жоқ болса да, оның есімі ел есінде. Желіде оның әр киімі мен жүрыс-тұрысы, жеке өміріндегі жаңалықтары жиі талқыланып жатады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Тұрмысқа шыққанға дейін Айсәуленің сымбаты ел аузында сөз болса, енді оның жүкті не жүкті емес екенін көпті қызықтырып жүр.
"Бәрін осы сұрақ мазалайды. Менің балам өмірге келгенде, сіздер оны бағып, тәрбиелеп, жуындырып, білім беріп, тамақтандырасыздар ма? Олай болмаса, нелерің кетіп барады? Сіздерге менің күйеуім екеуміздің төсегімізге кіріп, біздің жоспарларымызға араласқаныңыз ерсі көрінбей ме?", - деді Айсәуле желідегі қолданушыларына.
Айсәуле өмірге ұрпақ әкелуге асықпайтын шығар. Себебі бүгінде оның бизнесінің жүргені оған маңыздырақ. Ол Алматыдағы екі сұлулық салонының иесі.
Айта кетейік, Баян Алагөзованың бірінші қызы былтырғы жылдың мамыр айында сүйіктісімен некелесті. Неке қию рәсімі Алматыдағы әйгілі мейрамхананың бірінде болды.
Айсәуле Бақытбек ұзату тойына әкесінің туыстарын шақырмаған >>>