Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айнұр Тұрсынбаева еркектерге күш беретін шай зауытын ашты

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева еркектердің белсіздігін жоятын, табиғи, таза органикалық өнімдер шығаратын компания ашты. Шай зауытының Стамбұлдағы ашылу салтанатына Бекболат Тілеухан, Мұхамеджан Тазабек сынды танымал тұлғалар қатысты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ақын көпшілікті емдік қасиеті бар бірнеше шаймен таныстырды.

"Біз бүгін төрт өнімді ұсынып отырмыз. Біріншісі – көк шай, бірақ бұның дәмі көк шай болғанымен, ішінде итмұрын, тауда өскен жалбыз, қант диабетімен ауыратындарға ішуге болатын науат, Түркиядан әкелген цитрустар қосылған. Екіншісі – дәруменге толы қара шай, үшіншісі – сұңғыла тамырынан жасалғани емдік шай, төртіншісі – тірі хлорелла. Біздің Мойынқұмның шалдары сұңғыла деген шөптің тамырының тонналап Қытайға кетіп жатқанын көріп, іштен тынып жылайтын еді. Соны естіп, 2021 жылы тәуекел деп ауылдың балалары жинаған 20 тонна сұңғыланы сатып алдық. Ол кезде не зауыт, не қойма жоқ, Қытайға бермесек болды деп сатып ала бердік. 2 жылдың ішінде барлық күшімізді, ақшамызды, жанымызды салып, осы цехты салдық. Сөйтіп тамырдан шай жасайтын зауыт іске қосылды", — дейді Айнұр Тұрсынбаева.

Бұл емдік шөп “Шыңғысханның шайы” деген атауға ие екен.

"Шығыс медицинасы ең күшті өсімдік деп женьшенді есептесе, сұңғыла женшеньнен 10 есе күшті! Урологтар сұңғыланың шайы виаградан 5-10 есеге дейін күшті деп айтады. Сұңғыланың тамырын үгітіп, тышқандарға беріп эксперимент жасағанда тышқандардың көбеюі 5 есеге артып кеткен. Сұңғыланың шайын бір ай ішкен адамның өтіндегі, бүйрегіндегі тас үгітіліп, тап-таза боп кетеді. Сұңғыланың шайын бір жыл ішкен адамның бойында ауру қалмайды. Сұңғыланың шайы еркектердің белсіздігін толық емдейді. Сұңғыланың шайы рак клеткаларын жояды. Сұңғыла –  Қытайда қызыл кітапқа енген өсімдік", — деп жазды Айнұр Тұрсынбаева.

Стамбұлдағы шай зауытының ашылу салтанатында Мұхамеджан Тазабек, Бекболат Тілеухан, Балғынбек Имашев, Қабылбек Әліпбайұлы сынды белгілі тұлғалар бой көрсетті. 

Желіде тараған видеодан Бекболат Тілеухан мен Сәкен Майғазиевтің зауыттың ашылуына ақшалай сыйлық беріп жатқанын көруге болады. 

©instagram.com/syrymitkulov

Талқылау