Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айнұр Тұрсынбаева: Өзiм де босанбағалы бiраз болып қалды

Белгілі айтыскер Айнұр Тұрсынбаева иба-инабатымен және қарапайымдылығымен танымал әрі сонысымен көпшіліктің жүрегіне жол тапқан. Сондықтан болар айтыскердің желідегі оқырмандары оған жиі сауал жолдап, кеңес сұрап жатады. Бұл жолы Айнұр Тұрсынбаева жас босанған аналардың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz.

Айтыскер Айнұр Тұрсынбаева Instagram желісіндегі оқырмандарының сауалына жауап беріп, жас босанған аналарға кеңес берді. Өз сөзінде айтыскер заманауи медицинада қолданылып жүрген әдістерді қазақ халқы бағзы замандардан-ақ білгенін тілге тиек етті.

“Аяғы ауыр келiншектер көп кеңес сұрайды. Семiрiп кеттiм, бетiм қарайып кеттi, құсқым келе бередi, т.с.с. Бiлгенiмдi айта қояйын десем, өзiм де бала тумағалы бiраз боп қалды. Мен босанған жылдары әйтеуiр бала туа салысымен iшке мұз қойып қоятын, жатыр тез орнына түседi деп. Ол пәле бүкiл денеңдi мұздатып естi шығаратын едi. Қазiр Америкалық ғалымдардың оқып, зерттеуiнен кейiн, жана туған баланы қоятын болыпты ғой. Жатырды тез орнына түсiре алатын жас сәбидiң жып-жылы денесi екен. Құдай-ау оны Америкадан сұрамай ақ апалардан неге сұрай салмаған? Бұл бiздiң оқымаған әжелердiң сонау ғасырдан қолданатын тәсiлi екен ғой”, – деп жазды айтыскер.

Сондай-ақ, Айнұр Тұрсынбаеваның айтуынша, жас босанған әйелдің сүті бет терісіндегі түрлі қиындықтардан арылтатынын айтты.

“Айтпақшы, баладан кейiн қалып кететiн iштi жұмыртқаның сарысы жақсы кетiредi екен. Тек қана сарысын жақсылап жағып, сыртынан целлофанмен, оның сыртын қалың орамалмен байлап тастап, 4-5 сағат жүру керек. Бұл да апалардың тәсiлi. Жас босанған әйелдiң сүтi – бетке ең керемет маска. Ол терiнi жұмсартып, ағартады. Яғни бұл әдіс арқылы түрлi дақтарды кетiруге болады. Және 40 кунге дейiн терлеген сайын бетiңiздi қайта-қайта сүртiп отырсаңыз, қара дақты да кетiре алады екенсiз”, – деп жазды Айнұр Тұрсынбаева.

Өз кезегінде желі қолданушылары көптен бері көкейінде жүрген сұрақтардың жауабын алғанын айтып, осы тәрізді пайдалы кеңесті жиі беріп тұруын сұрап жатты.

Оқи отырыңыз:

Сатира сардары Көпен Әмірбек “Қозы Көрпеш-Баян Сұлу” телехикаясын сынап тастады

Баян Мақсатқызы: Бірнеше адам бірігіп алып, өзгенің еңбегін еш қылды

Баян Мақсатқызы мен белгілі әнші “Қозы мен Баян” телехикаясы үшін дауласып қалды

Жүрсін Ерман мен Мұхамеджан Тазабектің төңірегіне топтасқан ақындар бір сахнада айтысқысы келмейтін болған

Димаш Құдайберген Қытай продюсерлік орталығымен 8 жылға келісім шартқа отырған

Талқылау