Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айнұр Тұрсынбаева: Қызым өсіп, үйде күнде айқай-шу

Елімізге танымал айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева бүгінде қызының бойжетіп, талғамының өзгергенін айтты. Бұрын Меганы қанағат тұтқан ерке қыз, бүгінде Алматы мен Түркияны ғана аңсайтын көрінеді.

image-1

Фото: instagram.com/aidyn_nury/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Қара қызым 18-ден асып барады. Қашан өседі деп жүргенде бір-ақ күнде бойжетіп шыға келді. Бойы менен ұзын. Бұрын Мегаға барсам, Шынар әпкеге барсам, есік алдына шықсам бола ма дейтін қызымыз қазір “Алматыға барып келейінші, жазда Туркияға барайық” деп қылқылдайтын болды.

Бұрын чипсы, мультфильм, колаға ақша құрта бересің деп ұрсушы едік, қазір ол шығындармен жылап көрісетін болдық. Маникюр, педикюр, туфли, кино.Үйде күніге айқай шу. 20 мың теңге стипендия алады, былай қарасаң аз ақша емес, бірақ көп те емес. Қит етсе “стипендияң қайда” деп айқайға басам”, – деп Айнұр Тұрсынбаева тәрбие мәселесіне келгенде қатал ана екенін жеткізді.

13320295_265069523882902_1201669900_n

Фото: instagram.com/aidanala/?hl=ru

Десе де қызы да  қарап қалмайтын көрінеді. Ол шәкіртақысының тек тамаққа жететінін айтқан. Тіпті анасына “Осы стипендияны алмасам не істейтін едіңіз?” деп сауал тастайды екен.

“Ақша шақ келмейтінінен басқа да проблемалар жетіп жатыр. “Менің кофтамды кім киді, сөмкем қайда, далабымды әкел, кремге тиіспе.” Талас-тартысқа толы өмір басталды. “Большие дети – большие проблемы” дегенді енді түсініп жатырмын. “Жұрттың қыздары құсап киім іздемеймін, көшеге көп шықпаймын, әпергеніңізді кием, жіберсеңіз ғана барам ғой” деп ренжитіні бар.

“Мен өзім мазасыз болып кеттім бе, жоқ барлық ана солай ма, а? Негізі қыздар ұлдарға қарағанда ерке болатын сияқты. Бірақ қыз бала бәрібір мейірімді келеді. Ол рас енді”, – деп айтыскер басқа отбасылардың жағдайы қалай болып жатқанын сұрады.

Желі қолданушылары дәл осындай жағдайдың өздерінде де болатынын жеткізген. Тіпті қатал ана болуға да кеңес берген. Арасында “Әдемі қызыңыз, өзіңізден аумайды екен! Бақыт тілеймін тек! Өмірі де өзі секілді әдемі болсын!” деп ақ тілектерін жаудырғандар жетерлік.


Жіберіп алмаңыз:

Айнұр Тұрсынбаева: Қарақат мектеп, Жазира салон ашты. Ал мен ше?

Айнұр Тұрсынбаева: Жар таңдауда жолым болған адаммын

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева қажылыққа барды

Қарсыласы Айнұр Тұрсынбаеваны “кобраға” теңеп ұялтты

Талқылау