Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарсыласы Айнұр Тұрсынбаеваны “кобраға” теңеп ұялтты

Күні кеше Астана қаласында эстрада әншілері мен ақындардың арасында екінші рет “Жұлдыздар айтысады” атты шоу-айтыс өтті. Аталған айтыста қарсыласы Бақытжан Қасымов Айнұр Тұрсынбаеваны “кобраға” теңеп ұялтты.

эх

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Мұндай айтыс түрі 2015 жылы бірінші рет ұйымдастырылған болатын. Жұрт мұны “киелі өнерді қорлау” деп сынап, дәстүрге айналдырмауды өтінген-ді. Араларында көңілдерінен шыққандар да болған. Биыл “Жұлдыздар айтысады” өз жалғасын тауып, айтысқа Мөлдір Әуелбекова, Еркін Нұржанов, Қанат Әлжаппаров, Бақытжан Қасымов, Айгүл Иманбаева сынды эстрада әншілері мен театр актерлері және Айнұр Тұрсынбаева, Мұхтар Ниязов, Сара Тоқтамысова, Сырым Әуесхан сынды айтыс өнерінің майталмандары қатысқан.

Айнұр Тұрсынбаева мен “Базар жоқ” театрының актері Бақытжан Қасымов жұп құрып, шымшыма әзілдерімен жұртты күлкіге қарқ қылды. Театр әртісі ақынды “кобраға” теңеп, қалжыңмен қағытып өтсе, Айнұр ханым қалжыңның дөп келіп отырғанын, “адам шақпағалы көп болғанын” айтады. Екеуі жоспардан тыс айтысқан екен. Айнұр ханым бастапқыда әділ-қазы алқалар құрамында болған. 

Айнұр əпкем “шағып алды”, расында 😄👍 @aidyn_nury @kasumov_b #шоуайтыс

Видео опубликовано Эльвира Ергалина (@elvira_ergalina)

Еркін Нұржанов пен Шалқарбай Ақанов бірінші орынды алып, 1 миллион жүлдені еншілесе, екінші орын Айгүл Иманбаева мен Мұхтар Ниязовқа бұйырды.

Естеріңізге сала кетсек, “Өнер қырандарының” Айнұр мен Балғынбекке пародия жасап, олардың өздерін күлкіге қарық қылғаны туралы жазған болатынбыз.

Талқылау