Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айнұр Тұрсынбаева бет күтіміне қатысты пайдалы кеңестерін бөлісті

Айтыскер ақын инстаграм желісінде белсенділік танытып, үнемі пайдалы кеңестерімен, көрген-білгендерімен бөлісіп отырады. Енді бірде басынан өткен сабақ аларлық оқиғаларын баяндайды. Бұл жолы ол желі қолданушыларына берген уәдесін орындап, бет күтіміне қатысты құпиясын бөлісті.

image

Фото: instagram.com/aidyn_nury/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Айнұр отандық бағдарламалардың бірінде бет күтіміне қатысты құпиясын ашқан болатын. Ол қымбат косметиканы барынша табиғи әрі арзан өнімдермен алмастырғанды жөн көреді екен.

“Ең алдымен, бет терісі әркімде әртүрлі.  Әркім өзінің терісін зерттеу керек. 25 жастан аса бетті күтіп үйренсеңіз, 40-50 жаста бетіңіз өңін бермей тұрады. Қай кезде құрғайды, қай кезде майланып кетеді соның бәрін қадағалап жүріңіз. Мысалы,  менің бетім құрғақ, сол үшін май жағып жүремін. Жалпы майлардың пайдасы ұшан теңіз.

Әрі арзан, әрі өте пайдалы майлар Е витамины, аевит және глицеринді араластырып күнде ұйықтар алдында жағып жатыңыз. Аевит капсула түрінде болса инемен тесіп қысып жағасыз. Кез келген аптекада сатылады.  Бағасы 200-300 теңгеден аспайды. Ал қасыңызға, кірпігіңізге міндетті түрде касторовое майын жағыңыз. Бұл витаминдер барлық теріге пайдалы.  Бетке нәр береді, қоректендіреді.

Құрғақ бетке солкосерил мазь (2 000-2 400тг) керемет көмектеседі. Солкосерил кез келген аптекада бар, қатайып тұратын шынтаққа, өкшеге де жағып бинтпен байлап қойсаңыз, азанда жұп-жұмсақ болып тұрады. Ұйықтар алдында, теледидар қарағанда бетіңізге массаж жасап үйреніңіз. Майларды жаққанда асықпай аялап жағыңыз”, – дейді Айнұр Тұрсынбаева.

Мұнымен қатар, майлы бетке арналған күтім туралы жазбасын жуырда жазуға уәде етті. Бұл жазбадан кейін желі қолданушылары айтыскердің қарапайымдылығына қайран қалған-ды.

Себебі, олар үнемі қымбат киім мен түрлі дәмді тағамдардың суретін бөлісетін Тұрсынбаевадан өзге мазмұндағы жазба күткен. Десе де, олар алғыстарын айтып, келесі жазбаны асыға күтетіндіктерін жеткізді.


Жіберіп алмаңыз:

Танымал әзілқой енді ешқашан Айнұр Тұрсынбаеваға пародия жасамайтынын айтты

Айнұр Тұрсынбаева: Қызым өсіп, үйде күнде айқай-шу

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева қажылыққа барды

“Өнер қырандары” Айнұр мен Балғынбекке пародия жасап, олардың өздерін күлкіге қарық қылды (видео)

Айнұр Тұрсынбаева: Жар таңдауда жолым болған адаммын

Талқылау