Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айлығым 29 мың теңге: БҚО-да алаяқ әйелдің атынан 1 миллион 200 мың теңгеге несие алған

БҚО-ға қарасты Тасқалы ауданында тұратын Гүлжиян Тілеуғалиева банкке бас-аяғы 1,2 миллион теңге берешек болып қалған. Алайда ол несиеге ешқандай тауар рәсімдемеген. Әйел несие алаяқтарының құрбанына айналғанын айтады.

Айлығым 29 мың теңге: БҚО-да алаяқ әйелдің атынан 1 миллион 200 мың теңгеге несие алған

Бұл туралы “Уральская неделя” басылымына сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

“Аспаз болып жұмыс істеймін. Жалақым – 29 мың теңге. Оның 16 мың теңгесін банк несиеге деп ұстап қалады. Отбасымның бары қандай жақсы, әйтпесе баяғыда аштан өлер едім. Бір миллион 200 мың теңгені қашан төлеп бітемін? Оған бүкіл өмірім кетеді”, – деп жылайды әйел.

Әйел 2017 жылдың 25 мамырында несиеге теледидар алу үшін қалаға келген. Алайда орталық базардағы “Мечта” дүкеніне келгенде, банк менеджерлері әйелге несие бермей қойған.

“Дүкеннен шығып бара жатқанымда жаныма бір жігіт келді. Өзін Жандос деп таныстырды. Қандай қиындыққа тап болғанымды сұрады. Банктен несие ала алмай отырғанымды жеткіздім. Ол көмектесетінін айтып, жеке куәлігімді сұрады. Ол құжатымды суретке түсіріп, банк менеджеріне қайта баруымды өтінді. Мен бардым, менеджер несие берілетінін айтты. Бір қағаздарға қол қойдырды, артық ойым болмады. Адамға сеніп қалдым, ол қағазда не жазылғанын да оқымадым. Жандос банк қызметкері екен дедім, сөйтсем алаяқ екен”, – дейді әйел.

Бірнеше минуттан кейін Жандос әйелдің жанына келіп: “Апа, төмен түсе беріңіз. Қазір тауарды әкеліп беремін”, – деген. Аңғал әйел тағы да сеніп қалған.

“Мен телеидарды таңдап үлгермедім ғой”, – дедім. Бірақ ол қазір әкеліп береді деді. Дүкеннен шықтым. Сол күйі ешкім келмеді. Кері қайтқанымда, Жандос болмады. Дүкенде ондай адам жұмыс істемейді деді”, – дейді әйел.

Абырой болғанда, Жандос әйелге өзінің телефон нөмірін берген. Әйел сол нөмірге бірнеше күн қоңырау шалғанымен, жауап ала алмаған. Ал 29 мамыр күні жігіт өзі хабарласып, тауарды алып кетуді сұраған.

“Ол мені көшеден күтіп алды. Кассаға барып, қағаздарға қол қойып, тауарымды алып кетуді өтінді”, – дейді әйел.

Гүлжиян Тілеуғалиева тағы да алданып қалып, жігіттің дегеніне көнген. Тағы да астыға түсіп, жігітті күткен. Ал ол із-түссіз жоғалып кеткен.

Екі апта өткен соң, Гүлжиян Тілеуғалиева Оралға қайта келіп, тұрмыстық техника дүкеніне қайта бас сұққан. Теледидар алғысы келетінін айтып, банк менеджеріне жүгінген. Алайда ол күтпеген жаңалықпен әйелді есінен тандыра жаздаған. Әйелдің мойнында 1 миллион 146 мың теңге көлемінде қарыз бар болып шықты.

Несие тарихына сәйкес, 25 мамыр күні әйел 354355 теңгеге, ал 29 мамыр күні 700000 теңгеге несие алған.

15 маусым күні Тілеуғалиева полицияға шағым түсірген.

Абай полиция бөлімі істі қолға алып, ақырында Жандос Қожаниязовті қолға түсірген. Жігіттің үстінен “алаяқтық” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Жандос әйелді танитынын, тіпті оған несие рәсімдеуге көмектескенін ашық айтқан. Ол әйелмен алдын ала келісіп алғанын, ақшаны меншіктеп алу үшін осындай қадамға барғанын айтқан. Жандос 490 мың теңгені әйелге бергенін де атап өткен. Алайда Тілеуғалиева мұны теріске шығара алмай отыр.

Полиция қылмыс дәлелденбегендіктен, істі төрт мәрте жауып тастаған. Әйел екі адвокаттың көмегіне жүгінді.

Тағы оқыңыз: 

Замира: 21 жасымда екі жігітпен кездесіп жүрдім, өйткені күнделікті төсек қатынасына үйреніп қалғанмын

Медицина университеті студенттерінің IELTS сертификаттарының жалған екенін қалай білген

Күніне әкесіндей он еркекке қызмет көрсеткен: Алматыда саудагерлер жезөкшеліктен құтқарып қалған қыздың оқиғасы

Бұл өтірік өмірден шаршадым: Жамбылда өз үйінде асылып өлген ревизордың әйелі күйеуінің ақырғы хатын оқып берді

Талқылау