Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Айлап кететін еді": Асылбек Боранбаевтың келіншегі қызғаныш туралы

Асылбек Боранбаевтың келіншегі қызғаныш туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Той жыры" бағдарламасына сілтеме жасап. 

Айлап кететін еді: Асылбек Боранбаевтың келіншегі қызғаныш туралы

"Тамаша" театрының актері болған Асылбек Боранбаевтың келіншегі жас кезін есіне алып, күйеуі қанша іс сапарға кетсе де, қызғанып көрмегенін айтады. Күйеуім қызғануға себеп берген жоқ дейді өнер иесінің әйелі. Осылайша, ол күйеуін мақтаған. 

"Айлап кететін еді ол кезде "Тамашаның" дүркіреп тұрған кездері. Гастрөлдерге шығады. Мен оның әртіс екенін білдім. Ешкім көзімді байлап үйлендірген емес. Асылбек жыртыңдап тұрса, мүмкін қызғанатын ба едім. Қызғануға себеп те болмады, Асылбектің өнерін түсіндім. Қызғаныш жөнінде бізде ұрыс-керіс болған жоқ", - дейді Гүзел Ушурова. 

Ал Асылбек Боранбаев әйеліне жұмыс істетепейтін ер адамдарға қатысты пікірін айтты. Әйел адамды өз ережеңмен емес, сыйластығыңмен бағындыра аласың, оның арманына бөгет болу қателік дейді актер. 

"Әйел адам не үшін оқыды? Ол армандады. Мен неге оның арманына қарсы болуым керек. Өзінің сүйікті жұмысына барып келеді, шәкірт тәрбиелейді. Не себепеті кедергі боламын?" - дейді Асылбек Боранбаев. 

 

Талқылау