Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айқынның хит әнінің сөзі Шахановтың өлеңінен ұрланған сияқты

80-жылдардың хитіне айналған әннің бірі – Мұхтар Шахановтың “Мен саған ғашық едім” атты туындысы. Әннің сөзін де, әуенін де Мұхтар Шаханов өзі жазған. Бүгінде Айқын Төлепберген орындап жүрген “Алтыным” әнінің мәтіні осы өлең сөздеріне ұқсайды.

923675_102125616854087_2097190634_n

Фото: instagram.com/aikyn/?hl=ru

Бұл туралы alashinform.kz хабарлайды.

Айқын Төлепберген “Алтыным менің” атты әнді айтып жүр. Жұрттың ыстық ықыласына бөленген бұл әнді сүйіп тыңдайтындар көп. Алайда мұнымен қатар, аталған әннің сөзіне байланысты даудың басы басталған сияқты.

Айқынның орындауында:

Мәңгілікке бақытсыз еттің мені,
Сол жылы алма ағаштар көп гүлдеді,
Сол жылы көрші ауылдың баласына,
Мәңгілікке айырбастап кеттің мені

Ал Мұхтар Шахановта:

Қайтейін сен ажарсыз еттің мені
Сол жазда жиделер де көп гүлдеді
Сол жазда көрші ауылдың баласына
Мәңгіге айырбастап кеттің мені.

Өлең шумағы кімнен “ұрланды” деген сұрақтың туындауы заңды. Айқын бұл жағдайдан бейхабар болса керек, болмаса қатесін түзететін уақыт болды ғой. Ендігі уақытта әннің сөзін “иесінің” атынан орындаса, нұр үстіне нұр болар еді.


Жіберіп алмаңыз:

Айқын Төлепберген қызына өз әнінің атын қойды

Айқын Төлепберген қызды болып, тыңдармандарынан есім таңдасуды сұрады

Айқын Төлепберген тойға шақырған кісіден 700 мың сұрап шошытты

Айқын өнердегі әріптесі Қайрат Нұртастан кешірім сұрады

Талқылау