Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айқын: Жеке өміріме араласпаңыздар, менде бәрі күшті

Бүгінде Айқынның әр жазбасын жіті қадағалап отыратын әлеуметтік желі оқырмандары әншіні кінәлауды әдетке айналдырған. Тіпті, кейбірі Төлепбергенге жағымсыз пікірлер жазып, жеке өмірін жариялауды талап ететін көрінеді.

Бұл туралы НТК арнасының «Ревю» бағдарламасында айтылды.

«Отыз мың лайк тұрады да, ішінде бір 100 комментарий жазылады. 100 комментарийдің ішінде әйтеуір 5-6 тиісіп, тырнақ астынан кір іздеп жатады», – дейді Айқын.

Егер мен бүкіл танымайтын адамдардың бәріне  комментарий жазып кетсем, бүкіл уақытымды инстаграмда өткізуші едім.

Иә, бүгінде Айқынның әр постын 1 миллион 800 мың адам оқиды екен. Алайда, бұл парақша менің жеке өмірімдегі емес, шығармашылығымдағы жаңалықтарды  жариялауға арналған, дейді әнші.

«Менің өзімнің жеке өмірім бар. Менің уақытым жоқ, мыналар не істеп жатыр екен деп, біліп, сұрап, комментарий жазып оған, маған ол қызық емес. Сондықтан, біреудің жеке өміріне араласып, комментарий жазатын адамның өзінің жеке өмірі жоқ деген сөз!» – дейді ашуланған Айқын.

Сондықтан, желіде қисынсыз сауалдарды жолдап, қытығына тигендерге Төлепбергеннің үлкен өтініші бар. Бұдан былай жеке басына тіл тигізбеуді сұрайды.

«Жеке өміріме ешкімнің араласпауын сұраймын. Себебі оның аты «жеке өмір»! Не істеймін, әйтеуір бір айтарым бала-шағам бәрі аман есен бәрі жақсы, әке-шешем бәрі қасымда. Бәрі күшті, бәрі жақсы! «Счастье любить тишину» дейді орыстар», – деп түйіндеді сөзін әнші.

Жіберіп алмаңыз:

Құлсарылық ғашықтар Марлен мен Әнел жақында үйлену тойын жасамақ

Айқын Төлепберген алғаш рет балалары жайлы бар шындықты айтты

Жүрсін Ерман жарының ауыр сырқаты туралы айтып, көзіне жас алды

Салтанат Бақаева үшінші сәбиін күтіп жүр

Талқылау