Айқын Төлепберген тойға шақырған кісіден 700 мың сұрап шошытты
Әнші Айқын Төлепберген өзін тойға шақырған азаматтан бірнеше әнді орындауы үшін 700 мың теңге ақша сұрап шошытқан.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Жарқыраған жұлдыздардың сахнада өнер көрсетіп қана қоймай, той бизнеспен айналысып, қосымша табыс тауып жүргендері ешкімге де жасырын емес. Солардың бірі – биыл түрлі жаңалығымен таңдай қақтырған Айқын Төлепберген.
Нұрсейіт Жылқышыбай есімді азамат “Досым шаңырақ көтеріп, Айқынды тойға шақырыпты. Әлбетте Төлепбергенұлы журналист бауырыма 700 000 теңге берсең, бірнеше ән орындап берем деп көзінен жасын шығарыпты”, – деп әншінің дағдарыс кезінде қомақты ақша талап етіп, әлгі жігітті таң қалдырғанын жеткізді.
Ары қарай “Абай Бегейге қоңырау шалып ұсынысын тастаса, мәселе ақшада емес, ең бастысы жиналған жұртшылықтың көңілінен шықсам болды деп тойына келіпті”, – дейді азамат.
Осыдан кеін желі қолданушылары “Әншілер ақша сұрағанды жақсы біледі, осыдан салық төлеуді неге заңдастырмайды” деген мағынадағы сұрақтар түсе бастады.
Осыған дейін Қайрат Нұртастың тойда ән айтқаны үшін 5-7 мың доллар, “МұзАрт” тобының 5 мың доллар, Заттыбек Көпбосынұлының 3-5 мың доллар сұрайтыны белгілі болған еді. Дәл қазір әншілердің той иелерінен қанша қаржы сұрайтыны белгісіз.
Естеріңізге сала кетсек, Айқынның “Қазақстан” телеарнасына қатты ренжігенін айтқаны туралы хабарлаған болатынбыз.