Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айқын сыныптасына ауа тазартқыш сыйлап, ұятқа қалды

Отандық өнер жұлдыздары алғаш аруларға ұсынған сыйлықтары жайлы естеліктерімен бөлісті. Тіпті, Айқын өзінің сыныптас қызына жасаған тартуы үшін, әлі күнге дейін ұялатын көрінеді.

Бұл туралы НТК арнасының «Ревю» бағдарламасында айтылды.

«Бәріміз кішкентай кезімізде, мектепте жасайтын едік сыйлықты. Есте қалатыны сол, қыздарға бәріміз жиналып крушкалар, гүлдер, естелік жәдігерлер, қасына ашықхат қосып бересің. Одан кейін, 8-наурызда кішігірім концерт қояды барлығы, бәрі таланттарын көрсетеді. Сондай сыйлық жасайтынбыз”, – дейді 91 тобының жігіттері.

Ал «Найнти Уандық» жігіттердің әріптесі Данияр Өтеген, кезінде сахнаға емес, қолөнерге жақын болдым дейді. Әншінің сыйлы адамына жасаған сыйлығы әлі есінде.

«Кішкентай кезімде қолөнерге жақын болғаным рас. Сондай қолдан жасалған дүниелер әлі де үйде бар. Ол әрине анама арналған», – дейді Данияр.

Айқын Төлепберген де балдәурен шағында табыстаған тартуын ешқашан ұмытпақ емес. Себебі әнші өзінің сыныптас құрбысына жасаған сыйлығының расымен «ерекше» болғанына сенімді.

«Базарға барамын да, ол кезде білмеймін ғой кішкентай баламын әлі, шамамен 10 жаста болуым керек. Базарда иіссулар тұратын, кішісінен бастап үлкейген сайын қымбат-қымбат. Ең үлкені ең арзан болып шықты. Сөйтіп соны ала салдым. Мектепке барып, ана қызға берсем, ауа тазартқыш (освежитель воздуха) екен», – дейді Айқын.

Ұятқа қалдым деген Айқын, жиырма алты жыл өткеннен кейін, бала күнгі шалалығы үшін, сол арудан кешірім сұрауға бел буды.

«Жанар ренжіме, мен ол кезде білген жоқпын!» – деді Айқын.

Жіберіп алмаңыз:

Қуырылған жұмыртқа мен шұжық: Алагөзов фильмге түскені үшін қандай қаламақы алғанын айтты

Отандық танымалдар өмірін кітапқа арқау еткен Баян Алагөзованы сынға алды

Әуелбекованың тобында ән салатын қыз Томиристің жас кезін сомдайтын болды

Жұбаныш Жексенұлы ұлын орыс қызына үйлендіріп, дүркіретіп той жасады (фото)

Талқылау