Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айқын мен Жұлдыздың үйленуіне орай әріптестері өз ойларын ашық айтты

Отбасылық жағдайға қатысты алдымен «КешYOU» тобының продюсері, енді әншілері жұртты таң қалдырудан шаршайтын емес.

Айқын мен Жұлдыздың үйленуіне орай  әріптестері өз ойларын ашық айтты

Барлығы да басында желіде тараған жағдайды, көріністі, суреттер мен видеоларды қандайда бір жоқ киноның түсірілімі деп ақталады. Кейіннен шындық ашылған кезде мойындап, желідегі парақшаларына пікір жазуды тыйып тастайды.

Осындай өмірлік киноның кезегі Жұлдыз Өмірғали мен Айқынға келіп жетті. Қос әншінің өнердегі достары Айқын мен Жұлдыздың үйленгенін растап та үлгерген,-деп жазды Stan.kz сайты.

гулеке

Видеоны көрген Гүлзира Айдарбекова сенер сенбесін білмей қалған. Бірақ айналасындағы әншілер мен продюсерлерден шындыққа көбірек ұқсайтынын естіп қайран қалған.

«Енді кеше инстаграмнан көріп қалдым. Жұлдыз деген қызды. Әнші қыз ғой деймін. Енді ол пиар ма немесе басқа түсірілім бе білмеймін. Бірақ енді егер шын болса дұрыс емес. Әрине «бірінші бақ-бақ» дейді ғой. Әйелін жылатып, бала шағасын жылатып, жар етіп алған соң ер азамат болып солардың қорғаны болғанннан кейін ол Айқынға аманат»,-дейді Гүлзира Айдарбекова.

Сонымен қатар, продюсер ана отбасының шайқалуын қазіргі қыздардан көреді.

«Тана көзін сүзбесе, бұқа жібін үзбейді» деген мақал бар ғой. Негізі қыздар өздеріне тыйым салып, өздерінің сөйлейтін сөзін біліп, киетін киімін дұрыстап, өз орынын біліп, ұқыпты, тәрбиелі болса, ер азаматтың ойы арамдыққа бармайды.

Көрінген нәрсе қыздардан шығады ғой. Мынау ар ұятты қойып, өзін ойлап махаббаттың жетегінде кету дұрыс емес. Біз енді қазақпыз. Басқа елмен салыстыруға болмайды»,-дейді продюсер.

Үш баланың анасы қазірге дейін күйеуімен сөзге келіп қалса ешкімге көрсетпей, өздерінің бөлмесінде шешіп алатынын айтады.

«Мен ылғи жолдасыма айтып отырамын. Балалар бақытты болу үшін біз екеуміз бақытты болуымыз керек. Өйткені олар бізден көргенін істейді деп. Сол үшін балалардың көзінше ұрыспаймыз. Тіпті ұрыса қалсақ, жатын бөлмеден шықпаймыз.

Олар біздің жақсы, көңілді, күлімдеп жүргенімізді көру керек деп отырамын. Мен балаларымның бірінші әйелінен айырылысып, екіншісіне үйленуіне жол бермеймін. Оны тілемеймін»,- деп өз ойымен ашық бөлісті Гүлзира Айдарбекова.

Шахизада ханым да Айқынның әрекетін қара пиарға теңейді. Кешью тобындағы Жұлдызға үйленді дегеніне мүлдем сенбейді.

«Мен сенбеймін. Бұның бәрі пиар шығар деп үміттенемін. Қазір неше түрлі пиар жасаушылар көп қой. Басқа-басқа мен Айқынды жақсы білемін. Бала шағасын тастайтын адам емес. Бірақ әркім өзі білсін. Әркім өз өміріне өзі қожайын ғой»,-дейді Шахизада.

айқын2

Сонымен қатар, екі рет тұрмысқа шыққан әнші Айқынның бірінші әйелінің қазіргі жағдайы өз басынан өткенін айтады.

«Мен екі рет күйеуден ажырастым. Мен білемін ол не нәрсе екенін. Бұл жерде Айқын тастамаса, мүмкін әйелі тастап кетуі мүмкін. «Басқа әйелге үйленсең үйлен, маған тыныштық бер» деп те айтуы мүмкін. Мысалы менің өмірімде өзім рұқсат беріп отырмын.

Әрине жүрегің ауырады. Неше жыл бірге тұрасың қанша дегенмен сүйген жарың, жарты жолға келген кезде бәрі дұрысталар деген кезде, жас қызға кету жүрекке өте ауыр тиеді. Қандай жағдай болса да, Айқынның әйелінің қазіргі сезімін жағдайын, қобалжуын, Айқынға деген сезімін көңілін білемін.

Қандай болғанда да егер Айқын «екі жанұяны асыраймын, екі жанұяға да бірдей өқараймын» десе, Айқынға бәрекелді деп айтар едім»,-дейді әнші Шахизада.

Ал, Гүлмира Ақүрпекова әйелін тастап, жас қыздың құшағына кетуді үлкен күнәға теңеді.

айқын

«Бала шағасын, Құдай қосқан қосағын қалдырып, қыздың жетегінде кете беру деген олда бір үлкен күнә. Махаббат деген әрине, биік ұғып. Сирек кездесетін нәрсе. Сол жас қызға қызығып, сол әйелін де бала шағасын отбасын ұмытып қызыққа түсіп кететін ер азаматтар бар. Соған үйленіп, жақсы болып кетемін деп ойлайды.

Мына жақта балалары жылағанына қарамай әйеліне қарамай. Бірақ осыған байланысты бір ғұламаның айтқан сөзі бар. «Бұл дүниедегі не нәрсенің қызығын көп көрсеңіз сол нәрсенің азабын бір тартасың» деген сөз бар.

Сондықтан соның соңы қандай болады соны ойлау керек ер азаматтар. «Бірінші бақ – бақ» деген сөз бар»,-дейді Гүлмира Ақүрпекова.

Ажырасудың не екенін басынан өткізген әнші тіпті, айтарға сөзім жоқ деп түйіндеді сұхбатын. Айқынның келіншегіне сабырлық тіледі.

«Мұндай жағдайды сөзбен айтып жеткізе алмайсың бұл басынан өткен адам ғана біледі. Сеніп отырған азаматы балаларының әкесі бір күнде келіп «Мен сенімен ажырасамын. Басқаны сүйіп қалдым» деп айтқанын есіту деген қиындығын айта салу мүмкін емес.

Түсіну керек. Айта салу оңай. Ондай жағдайда әйелге сабыр керек. Алланың өзі жәбірленушінің жағында дейді. жалпы айтады ғой «Еркекке сенгенше, екі қосағына сен» деп. Ата бабалардан қалған сөз. Біраз сабырлық сақтап, біраз күтуге де болады. Мүмкін райынан қайтар»,- дейді әнші Гүлмира Ақүрпекова.

Әншілер қанша қара пиарға теңесе де, осымен Баян Есентаеваның өнердегі екінші қызы дәл осындай әрекетке барды. Ақбота Сейтмағамбет үш баланың әкесі Дәурен Айдарқұловқа тұрмысқа шықты. Енді Жұлдыз Өмірғали отбасылы әншіге жар атанды.

Айқын желіде тарап кеткен видеоға қатысты пікір білдірген кезде болған жағдайды кино деп түсіндірген. Алайда Айқын мен Жұлдыздың ешқандай да киноға түспегені анықталды. Сенімді дерек көзіне сүйенсек қазір Жұлдыз Өмірғалидың да аяғы ауыр көрінеді.

Талқылау