Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айқынның бірінші некесінен туған ұлымен ойнап жүрген Жұлдыз елді сүйсіндірді (видео)

Жұлдыз Өмірғали Айқынның бірінші некесінен туған балаларымен жақсы араласады. Бірге күліп-ойнап, уақытын жақсы өткізеді. Бұған желідегі видеолары дәлел. 

Желіде жұлдызды жұптың көңілді видеосы тарады. Онда Жұлдыз Айқынның бірінші әйелінен туған ұлы Аңсармен ойнап отыр. Айқын Жұлдыз бен Аңсардың қол күрестірген сәтін видеоға түсіріп жариялады. 

"Аңсар мен Жұлдыз жекпе-жекке шықты", - деді Айқын кадр сыртында. 

Аңсар қол күрестен Жұлдызды жеңіп, жеңгені үшін басынан шертіп есесін қайтарды. 

Мұны көрген желі қолданушылары күлкіге қарық болды. Бірі Жұлдыз бен балалардың татулығына тәнті болды. 

"Шынайы қуаныш күлкі. Жұлдыз әлі баладай", "Жұлдыз, айналайын, сенің көңілің кең сияқты, балалар кінәлі емес, түсіністікпен қарағаныңа рахмет, сауаптан жазсын", "Бірінші әйелінің де түсінігі жақсы болып тұр ғой, оған рахмет", "Өгей баланы өз баласындай ешкім қабылдай алмайды", "Жұлдыз, жарайсың, рахмет саған", "Әселге қалай қиын екенін ешкім түсініп жатқан жоқ" - деп жазды олар. 

Айта кетейік, Айқын 4 баланың әкесі. Бірінші некесінен Аңсар есімді ұлы, Асылым есімді қызы бар. Екінші некесінде Санжар, Айя атты бір ұл, бір қызы өсіп келеді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр