Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали отбасылық қызықтары жайлы айтты
Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали отбасылық қызықтары жайлы айтты. Жұлдызды жұп жаңа жылға құрған жоспарларын бөлісті.
Бұл туралы Ревю бағдарламасында айтылды.
Айқын мен Жұлдыз қараша айында Түркияға барып демалып қайтты. Сондықтан жақын арада шетелде демалуды жоспарламайды. Оның есесіне Ақбұлаққа барып, шаңғы тебуді жоспарлап отыр.
"Біз Жаңа жылды әдеттегідей жылда отбасымызбен, ата-анамызбен қарсы аламыз. Биыл шетелге бармаймыз. Жаңа жылда жақсы жаңалықтар, жоспарлар көп. Былтыр прокатқа шықпай қалған фильміміз биыл көрсетіледі. Кинодан соң үй салуды жоспарлап отырмын. Өзім қалағандай, өзім армандаған үйді саламын деп отырмын", - деді Айқын.
Әдетте қос әншінің ұлы мен қызы үнемі өздерімен бірге жүреді. Оны желіде тараған видеолардан байқауға болады.
"Біз балалар кішкентай болған соң бала күтуші жалдамадық. Балалар есін білген соң аламыз деп ойладық. Сондықтан түсірілімге барсақ та, қайда барсақ та балаларды өзімізбен алып жүрміз", - деді әнші.
Айқынның айтуынша, әннің хит болуы бейнебаянға емес, әннің өзіне байланысты.
"Ән жақсы болса, бейнебаянсыз-ақ хитке айналады. Сондықтан бейнебаянға көп нәрсе байланысты емес", - деді ол.
Айқын сонымен қатар, орыс тілінде ән айтуды жоспарлап отыр.
"Бізде орыс тілінде ән айтатын әнші аз екен. Тіпті жоқ десе де болады. Мен орыс тілінде ән айтуды ойладым. Мүмкін Райм Артур секілді әндерім Ресейге тарап кетер", - дейді Төлепберген.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
